2022 жылдың 17 маусымында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
Ғылыми конференцияның мақсаты – көне заманнан бүгінге дейінгі Атырау облысының тарихын жүйелі,жаңаша зерделеуді насихаттай отыра,өскелең ұрпақтың өлкеміздің өткені мен бүгіні туралы таным көкжиегін кеңейту.
Атырау аймағы ежелгі, орта ғасырлар мен Ресей империясы және Кеңестік биліктің солақай саясаттарының да сын тездерін бастан өткерді.Әсіресе, жаңа және қазіргі замандардағы халқымыздың басына түскен қиыншылықтар мен түрлі нәубеттер өңір тұрғындарын да айналып өтпеді.
Конференцияның модераторы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы кіріспе сөз сөйледі және конференцияда келесі ғалымдар өз баяндамаларын ұсынды:
- Жумагулов Болат Сагидоллаевич Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.к. (Алматы қ., Қазақстан),
- Әбілсейіт Мұхтар «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры, т.ғ.д., профессор (Атырау қ., Қазақстан)
- Лысенко Юлия Александровна АлтМУ шығыстану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор (Барнаул қ., Россия)
- Сүлейменова Дәметкен ДосмұханқызыБатыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. (Орал қ., Қазақстан)
- Анисимова Инна ВладимировнаАлтай мемлекеттік университеті, т.ғ.к., доцент (Барнаул қ., Россия)
- Айдаркул Каана И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, т.ғ.д., профессор, (Бішкек қ., Қырғызстан)
- Жұмабаева Жұмазия Кенжебайқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. (Атырау қ., Қазақстан)
- Шотанова Галия Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к., (Алматы қ., Қазақстан)
- Сарсенов АлдарСарсеновичХ. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, т.ғ.д., профессор (Атырау қ., Қазақстан)
- НағимовШахманХ. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, п.ғ.к., профессор (Атырау қ., Қазақстан)
- Сапанов Сайфулла Жұмабайұлы «Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор. (Атырау қ., Қазақстан)
- Жумабаева Кәмшәт Сайфоллақызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогика және білім менеджменті кафедрасының оқытушысы. (Алматы қ., Қазақстан)
- Саркенова Клара Айтқалиқызы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері.(Алматы қ., Қазақстан)
- Ермұқанов Еркін Нұрадинұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық, т.ғ.к., доцент, (Алматы қ., Қазақстан)
- Шамғонов Амангелді Шамғонұлы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, т.ғ.к., профессор
- Ситалиев Асылбек Атырау қаласы № 12 орта мектебінің педагог-зерттеушісі (Атырау қ.,Қазақстан)
- Молдашева Самал Казихановна Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,(Атырау қ., Қазақстан)
- Назымбетова Гүлжан Шайзатовна PhD, РМК «Ғылым ордасы»Табиғат музейімеңгерушісі. (Алматы қ., Қазақстан)
- Кипиев Мұхаметқали Атырау облысы тарихи –мәдени мұраны зерттеу орталығының директоры. (Атырау қ.,Қазақстан)
Конференцияға қатысушылардың ғылыми баяндамалары кең ауқымды мынадай мәселелерге арналған: Көне заманнан ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі солтүстік-шығыс Каспий аймағының дамуы; Жаңа замандағы Атырау өңірінің ерекшеліктері; зерттеушілердің еңбектері мен мұрағат құжаттарындағы ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы Атырау облысының тарихы.
Конференцияда талқыланатын мәселелердің өзектілігі аймақ тарихының көне заманнан бүгінге дейінгі кезеңінің осы уақытқа дейін кешенді тұрғыда алғаш рет зерделенуіне байланысты. Сонымен қатар, кейінгі кездердегі археологиялық қазба материалдары мен соңғы жылдары айналымға тартылған деректер де мәселеге жаңаша қарау қажеттігіне әкелді.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өткен:
– Көне заманнан ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі солтүстік-шығыс Каспий аймағы;
– Жаңа замандағы Атырау өңірі;
– ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы Атырау облысы.