Комитет науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Институт истории и этнологии имени Ч. Ч. Валиханова

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ


«Қазақстандағы мұсылман және православ миссионерлері: қызметі мен нәтижелері (XIX – XX ғ. басы)» жобасы бойынша

16 маусым 2022 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Орталық Азиядағы миссионерлік қызмет: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ғылыми конференцияның мақсаты – Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан тұрғындары арасында дәстүрлі және діни ілімдерді уағыздаушылардың әртүрлі кезеңдердегі, соның ішінде қазіргі заманғы миссионерлердің қызметін кешенді зерттеу.

Конференция модераторлары: тарих ғылымдарының докторы, профессор, корреспондент мүшесі,ҚР БҒМ ҒК,Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры – ҚабылдиновЗиябекЕрмұханұлыжәне тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК,Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақстандағы мұсылман және православ миссионерлері: қызметі мен нәтижелері (XIX – XX ғғ. басы)» жобасының жетекшісі– СадвокасоваЗәкішТөлеханқызы болды. Конференция қатысушыларына Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің (СБ) Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Рынков Вадим Маркович(Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.) құттықтау сөз сөйледі.

Ғылыми форум жұмысына 30-ға жуық адам қатысты. Отандық ғалымдардың ғана емес, Қазан, Орынбор, Бішкек, Тобольск қалаларындағы әріптестердің де баяндамалары тыңдалды. Конференцияға қатысушылардың ғылыми баяндамалары кең ауқымды мәселелерге арналды: XIX – XX ғасырдың басындағы Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы православиелік миссионерлердің жан-жақты қызметі; тарихшылардың зерттеулерінде дін қызметкерлерініңқұжаттық материалдарын пайдалану; дін саласындағы империялық саясаттың кейбір аспектілерін жариялау; христиандыққа қарсы іс-қимыл факторларының бірі ретінде мұсылман халқының дәстүрлері; діндердің олардың тарихи дамуындағы өзара іс-қимылы.

Конференцияда талқыланатын мәселелердің өзектілігі, ең алдымен, қоғамның рухани саласындағы төзімділік, бейбітшілік пен келісімді сақтаудың негізгі факторларының бірі болып табылатындығына байланысты. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың пайда болуы, олардың қатарына жастарды тарту, экстремистік ұйымдар ізбасарларының радикалдануы қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Қазіргі миссионерлер өздерінің бұрынғы тәжірибелерін қолдана отырып, жастарды өз қатарына тартудың әдістері мен тәсілдерін жаңартады. Ғылыми баяндамаларды тыңдап және талқылағаннан кейін конференция қатысушылары қарар қабылдады.