ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте ұйымдастырылатын «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
2021 жылғы 5 қаңтарда ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы мақаласында жаңа концептуалды тәсілдер мен жаңадан анықталған тарихи дереккөздерді талдау негізінде шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын жазу қажеттілігіне назар аударды.
Қазақстанның тәуелсіз және толыққанды мемлекет ретіндегі тарихы әрқашан көрші елдер мен шетелдік зерттеушілерді қызықтыруда. Олардың назарында Қазақстан территориясындағы тайпалар одағы құрылған сәттен бастап, мемлекетте қазіргі кезде болып жатқан тарихи процестерге дейінгі мәселелер болды. Шетелдік академиялық әдебиеттерге жүгінетін болсақ, онда Қазақстан тарихы бойынша жинақталған жұмыс жоқ, тек әртүрлі тарихи кезеңдердің проблемалық блоктары бойынша зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан тарихы аймақтағы және геосаясаттағы тарихи үдерістің жалпы контекстінде қарастырылатын Орталық Азия тарихына арналған еңбектер. Сондықтан Қазақстан тарихының көптеген мәселелері ғалымның назарынан тыс қалып отыр.
Ғылыми жобаны практикалық жүзеге асыру нәтижесінде «Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы (шетелдік аудитория үшін)» атты ұжымдық жұмыс баспаға дайындалуда, шетелдік отандастар мен шетелдік аудиторияға Қазақстан тарихының негізгі мәселелерімен қарапайым оқырманға қолжетімді стильде танысуға және түсінуге көмектеседі. Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жарық көретін бұл кітап отандық ғалымдар дайындаған шетелдік аудиторияға арналған шет тілдеріндегі қысқаша ғылыми басылымдардың жетіспеушілігінен туындаған олқылықтың орнын толтырады, бар сұраныс пен қызығушылықты қанағаттандырады.
Конференцияда Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының жетекшілігімен тарих және этнология ғылымы саласындағы жетекші мамандардан құралған жұмыс тобының атқарған жұмысының негізгі нәтижелерін талқылау жоспарлануда. Аталған бас институтпен қатар жобаны іске асыруға жанама түрде (өз қызметкерлері арқылы) БҒМ Ғылым комитеті мен ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауымен Мемлекет тарихы институты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және т.б. сондай сияқты жетекші ғылыми-зерттеу және оқу орындары қатысты.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер.
- Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихнаманың, Деректанудың жетістіктері және иллюстрацияланған басылымдарды дайындау.
- Ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын жариялаудағы халықаралық тәжірибе.
- Ұлы даладағы мемлекеттіліктің мыңдаған жылдық дәстүрі.
- Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығы мәселелері.
- Ұлы Дала мен Қазақ хандығының тарихы ұлы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі призмасы арқылы.
- Қазақстан Ресей империясының орбитасында.
- Қазақстандағы 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері.
- Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі.
- Кеңестік Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
- Қазақстан этнологиялық ғылымының өзекті мәселелері. Қазақстанның жаһандық әлемдегі заманауи мәдениеті.
Мекен-жайы: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.
1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.
3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.
4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.
6. Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.
7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, .
10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.
Абдулина А.Т., т.ғ.к.Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с.2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля. |
Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іс–сапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
ТЭИ байланыс телефондары: тел./факс 8 (727) 261-67-19;
(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)
Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары м.а., ЖҒҚ, т.ғ.к.; E-mail: abd_aksunkar@mail.ru; тел.: +7 777 312 20 36;
Қосымша
Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)
Ч | Тегі | |
Аты | ||
Әкесінің аты | ||
Ғылыми дәрежесі, қызметі | ||
Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы) | ||
Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) | ||
Баяндама атау |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті