Комитет науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Институт истории и этнологии имени Ч. Ч. Валиханова

Қазақстан-Польша тарихы комиссиясы құрылды


2022 жылғы 6-10 маусым аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, Сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Қалыбекова Манара Шалтенқызы, бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, халықаралық қатынастар магистрі Кочиев Эльнур Рафик-Оғлы құрамындағы делегация Польшаға барды. 

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар аясында 2022 жылғы 6 маусымда Белосток қаласында Сібірді еске алу музей базасында екі елдің кәсіби тарихшыларының күшімен ғылыми ізденістерді жандандыруға арналған Қазақстан-Польша тарихи комиссиясын құру туралы актіге қол қою рәсімі өтті. 

Комиссияның инаугурациялық кездесуі Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің және Польшаның Қазақстандағы Елшілігінің Құрмет патронатымен өткізілді.

Комиссия Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының тарихы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл қазақстандық отбасыларға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша аумағында хабар-ошарсыз кеткен өз жақындарының тағдыры туралы және поляк отбасыларына – Қазақстанға жер аударған өз туыстарының тағдыры туралы білуге мүмкіндік береді. 

Комиссия ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Алматы қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының деректер базасы негізінде және Белостоктағы Сібірді еске алу музейі, Гданьск қаласындағы екінші дүниежүзілік соғыс музейінің қолдауымен жұмыс істейтін болады.

Атап айтқанда, қазақстандық тарап Қазақстаннан келген сарбаздар мен офицерлерді және Гитлер концлагерьлерінің тұтқындарын жерлеу орындарын зерттеуге мүдделі. 

Комиссияның төрағалары ретінде Қазақстан тарапынан – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, Польша тарапынан – Белостоктағы Сібірді еске алу музейінің директоры, профессор Войцех Слешиньский болды.

Қазақстандық делегация Подляск воеводалығына барды, сонымен қатар Сібірді еске алу музейі мен Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сонымен бірге 17 миллион лагерь тұтқындарының деректер базасына қол жеткізе алатын Ұлттық жад институты архивінің басшылығымен кездесу өткізілді, одан әрі бірлескен жұмыс мақсатында меморандумға қол қою келешектері талқыланды.