Комитет науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Институт истории и этнологии имени Ч. Ч. Валиханова

Методологиялық семинар


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2022 жылдың 10 маусымда «Жетісу өңіріндегі босқыншылық; тарихы мен методологиялық мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – Жетісудағы босқындар тарихына шолу жасау және осы мәселеге әдіснамалық тұрғыдан қарау..

Семинар жұмысы институттың директоры т.ғ.д. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі З.Е. Қабылдиновтың кіріспе сөзімен ашылды. Іс-шара модераторы институттың Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова.

Баяндамашы Ш.Б. Тлеубаев Қазақстан тарихындағы ең өзекті тақырыптардың бірі – босқындар. Мәселенің жекелеген аспектілері ғылыми әдебиеттерде тек тәуелсіздік жылдарында ғана көрініс тапты. Алайда Жетісудағы босқындар тарихында зерттелмеген аспектілер бар, оларды қарастыру қажет. Оны зерттеудің әдіснамалық тәсілдері ең күрделі ғылыми проблемалардың бірі болып табылады. Осыған байланысты семинарда Ресей империясының отаршылдық кезеңіндегі және Кеңес өкіметі кезіндегі Жетісудағы босқындардың тарихына шолу (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың 30-жылдарының басы), ғылыми айналымға қайта енгізілген деректер мен материалдардың негізінде ұқсастықтар мен жалпы проблемалар, ерекшеліктері жаңа көзқарастар тұрғысынан талданатын болады.

Жетісу өңіріндегі босқыншылықтың себептерін, барысы мен салдарын объективті зерттеу Қазақстанның көп томдық тарихын дайындау үшін маңызды мәнге ие. Жетісудағы босқындардың өткенін зерттеудің әдіснамалық бағыттарын анықтау отандық тарих ғылымының дамуына ықпал ететінін жеткізді.

Семинарға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің және Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жетекші ғалымдары, институттың ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Институттың бас ғылыми қызметкері тарих ғылымының кандидаты, профессор Қ.С. Алдажұманов семинар соңында сөз алып, босқыншылар мәселесі жайлы өз ойларымен бөлісті. Сөз барысында өзінің архивтерде отырып, босқыншыларға қатысты тың әрі өзекті құжаттармен танысқанын және бұл тақырыптың Қазақстан тарихындағы маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар семинарға қатысушы Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары т.ғ.к. Меңлібаев Ғ. Мен Ермұқанов Е. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ЖҒҚ, т.ғ.к. А. Қаипбаева т.б. баяндамашыға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстарайтылып, баяндамашыға ризашылықтарын білдірді.