Құрметті әріптестер!
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2022 жылғы6 қазанда «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықжәне оның салдарлары: зерттеудің жаңа дереккөздері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикакалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференция ҚР БҒМ қаржылай қолдауымен № АР09259227 жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты жан-жақты зерттеу қажеттігі туындауда. Сол қайғылы оқиғалардан бері 100 жыл өтсе де, ашаршылықтың себептері, ауқымы мен салдары әлі күнге дейін отандық және шетелдік тарихнамада тиісті бағасын алмады және қалың жұртшылыққа ұсынылмады. 1920 жылдардың басында аштықтан қаза тапқандардың санын анықтау туралы мәселе әлі күнге дейін ашық күйінде қалуда, өйткені барлық өлім жағдайлары тіркелмеген және ескерілмеген, ал құжаттардың бір бөлігі мұрағат қорларынан алынған. Тарихи-демографиялық зерттеулерде 1 миллионнан астам адамның саны аталады, өйткені ҚазАССР халқының көп бөлігі (60-тан 93%-ға дейін) аштыққа ұшыраған адамдар санатына жатқызылды. Ашаршылық халықтың барлық топтарын қамтыды және Ресейдің, Еділдің, Украинаның орталық аудандарынан республиканың Солтүстік, Батыс және Шығыс бөліктеріне босқындар ағымының салдарынан апатты мөлшерде болды. Аштықпен күресу үшін аштыққа көмектесетін мемлекеттік комиссиялар құрылды, әртүрлі салықтар енгізілді, ерікті қайырымдылықтар жиналды және т.б. Отандық ғылымның алдында аталған мәселелерді кешенді зерттеу және ашаршылықтың ел экономикасы мен халқы үшін салдарын анықтау міндеті тұр.
Конференция жұмысыныңнегізгібағыттары:
– 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың әдіснамасы мен тарихнамасы мәселелері;
– Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық бойынша дереккөз ретінде жаңа мұрағаттық құжаттар мен ауызша материалдар;
– салыстырмалы зерттеулер: 1920 жылдардың басындағы Оңтүстік Украинадағы, Солтүстік Кавказдағы, Еділ бойындағы және Қазақстандағы аштықтың салыстырмалы талдауы;
-1920 жылдардың басындағы ашаршылықтың тарихи-демографиялық зерттеулері;
-1920 жылдардың басындағы ашаршылық кезеңіндегі шаруа көтерілістерін ғылыми әдебиеттерде жариялау және бағалау;
– аштықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі үкіметтік комиссиялардың қызметін зерделеу;
– 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа қарсы күрестегі халықаралық қайырымдылық ұйымдарының рөлі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының басталуы: 2022 жылғы 6 қазан, сағат 10.00.
Өткізу формасы: Zoom платформасындағы онлайн режим (конференция идентификаторы: 844 3059 6728, кіру коды: 858497).
Конференцияға қатысу үшін өтінімдер және конференция жинағына қосу үшін мақалалар мәтіндері 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін электрондық нұсқада «Конференция Ашаршылық» белгісімен «bek.alma_81@mail.ru» e-mail-на қабылданады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – Microsoft Word редакторында 10-12 беттен артық емес; шрифт Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал-бір; азат жол-1 см, азат жол автоматты түрде орнатылады; жоғарғы және төменгі – 2, сол жақ – 3, оң жақ – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде ортасына, қаласы, елі орналастырылады. Дереккөздерге сілтемелерді шаршы жақшада реттік нөмірмен (мысалы, [1, 65-б.]), еске алынуына қарай, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес, мақала мәтінінің соңында орналастыру керек.
Ұйымдастырукомитеті конференция тақырыбынанемесеқойылатынталаптарғасәйкескелмейтінматериалдардықабылдамауғақұқылы.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, жетекші ғылыми қызметкер М.М. Қозыбаева (8777-367-80-83), жетекші ғылыми қызметкер С.А. Асанова (8777-521-10-54), кіші ғылыми қызметкер А. Бекенова (8705-775-23-93).
Конференцияға қатысуға өтінім
Толық аты-жөні | ||
Жұмыс орны, лауазымы | ||
Ғылыми дәрежесі және атағы | ||
Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail: | ||
Баяндама тақырыбы |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті