АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10.00-де «Кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел № AP08052897 «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстан шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

Кеңестік шаруалардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелерін қайта қарастыру отандық және шетелдік тарихнамадағы өзекті мәселе болып қала беруде. Бүгінгі таңда мұрағаттардың ашылуы мен отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстанның шаруалары бойынша зерттеулердің белгілі бір санының пайда болуының нәтижесінде кеңестік кезеңдегі оның тарихын жаңа әдіснамалық тәсілдер тұрғысынан белсенді түрде қайта ойластыру жүруде. Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең ауыл шаруашылығының дамуына түбегейлі әсер етті. Орталық басқару органдары республиканың еңбек бөлінісіндегі және жан-жақты дамудағы мүдделерін, өңірлік әлеуетті мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін аз ескерді. Елдің біртұтас халық шаруашылығы кешенінің әрекеті жағдайында республиканың орталыққа тәуелділігі күшейе түсті. Шаруалардың қиын жағдайының себептерінің бірі – оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, өмірі мен күнделікті өміріне әсер ететін әкімшілік жүйенің бөлінбейтін күші болды. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – кеңестік шаруалардың отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгеру мәселелерін зерттеудің ерекшеліктерін анықтау.

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қазақстан шаруаларының кеңестік кезеңдегі отандық және шетелдік тарихнамадағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени трансформациясы мәселелерін жариялау;
  • Қазақстандағы кеңестік шаруалардың тарихы бойынша жаңа мұрағат материалдары мен ауызша деректер;
  • Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы шаруалардың әлеуметтік-экономикалық трансформациясы;
  • соғыстан кейінгі шаруалардың күнделікті өмірі мен әлеуметтік-мәдени үдерістері;
  • Қазақстан тарихы бойынша оқулықтарда шаруалар тарихын жариялау.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы: 2022 ж. 22 қыркүйек, сағат 10:00.

Жұмыс форматы: ZOOM базасы негізіндегі конференция(идентификаторы: 833 8141 2273, паролі (кіру коды): 448449).

Дөңгелек үстелге қатысу үшін отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады. Дөңгелек үстел жинағына қатысу үшін өтінімдер мен мақалаларды қабылдау электрондық нұсқада «Дөңгелек үстел» белгісімен, bek.alma_81@mail.ru e-mail-на 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша электрондық материалдар жинағын дайындау жоспарлануда.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – Microsoft Word редакторында 10-12 беттен артық емес; шрифт Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал-бір; азат жол-1 см, азат жол автоматты түрде орнатылады; жоғарғы және төменгі – 2, сол жақ – 3, оң жақ – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде ортасына, қаласы, елі орналастырылады. Дереккөздерге сілтемелерді шаршы жақшада реттік нөмірмен (мысалы, [1, 65-б.]), еске алынуына қарай, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес, мақала мәтінінің соңында орналастыру керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, кіші ғылыми қызметкер А.Бекенова (87057752393).

Конференцияға қатысуға өтінім

 Толық аты-жөні 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылыми дәрежесі және атағы 
 Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail: 
 Баяндама тақырыбы 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті