Құрметті әріптестер!
2022 жылғы 10 маусымда сағат 11.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Жетісу өңіріндегі босқыншылық: тарихы мен методологиялық мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – Жетісу өңіріндегі босқыншылық тарихына шолу жасау және мәселенің методологиялық ұстанымдарын айқындау.
Қазақстан тарихындағы ақтаңдақ тақырыптардың бірі – босқыншылық. Мәселенің жекелеген қырлары тәуелсіздік жылдары ғана ғылыми әдебиеттерден көрініс тауып келеді. Алайда Жетісудағы босқыншылықтың қарастырылуға тиіс тұстары жеткілікті. Оны зерттеудің методологиялық ұстанымдары күрделі ғылыми түйткілдердің қатарына жатады. Осыған байланысты семинарда Ресей империясының отаршылдық кезеңіндегі және Кеңес өкіметі кезіндегі Жетісудағы босқындардың тарихына шолу (ХІХ ғ.екінші жартысы – ХХ ғ. 30-шы жылдарының басы), ғылыми айналымға қайта енгізілген дереккөздер мен материалдардың негізінде ұқсастықтар мен жалпы проблемалар, ерекшеліктер жаңа көзқарастар тұрғысынан талданады.
Жетісу өңіріндегі босқыншылықтың орын алу себептерін, барысын және зардаптарын зерттеу тарихи шынайылыққа негізделген көптомдық Қазақстан тарихын дайындау үшін аса маңызды. Жетісудағы босқындардың өткенін зерделеудің методологиялық бағыттарын айқындау отандық тарих ғылымының дамуына септігін тигізеді.
Семинарға қатысуға шақырылады: этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А.Нүсіпбеков атындағы кабинет (205).
Семинардың ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Семинар уақыты:2022 жылғы 10 маусым, сағат 11-00.
Өткізілу түрі: офлайн және онлайн форматта.
Зум идентификаторы:89450202875, коды: 026763.
Ұйымдастыру комитеті