Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 25.02.2013-03.03.2013 ж.


26.02.13. «Қазақстанды Жалпы Шығыстану шеңбері негізінде тарихи зерттеулер жүргізу» тақырыбында методологиялық семинар өткізілді. Баяндамашы: «Орталық Азия және Кавказ елдері тарихы» СПбГУ (Ресей) кафедрасының доценті, т.ғ.к. З.А. Жандосова.

26.02.13. Директордың ұйымдастырушылық және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетінде «Қазақ» газетінің 100-жылдығына орай ұйымдастырылған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып баяндама жасады.

27.02.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды.

28.02.13. Ғылыми Кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) 2013-2017 жж. арналған ғылыми жобалардың жоспары; 2) Институт қызметкерлерінің кең көлемдегі жобаларға қатысуы; 3) ТжЭИ-ның 2012 жылғы баспа қызметі («Отан тарихы журналы») туралы есебі;

28.02.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатта Институттың «Әділет» және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен бірлесе өткізілген «Сталиндік Үлкен террор» және Қазақстан» атты Республикалық ғылыми конференцияға қатысып, «Үлкен Террор» және Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін» тақырыбында баяндама жасады.

28.02.13. «Литер: Неделя» газетіне Этнология және антропология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г.У. Орынбаеваның «Қытай қазақтары және оралмандар» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

01.03.13. Институт пен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және БҒМ ҒК-мен бірлесе отырып, Қожаберген Толыбайұлының 350-жылдығына орай «Қожаберген жырау – Ұлы дала дауысы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға белгілі ғалымдар А.Б. Тасболатов, К.Ш. Хафизова, Ғ.М. Мұтанов және тағы басқа ғалымдар қатысты.

01.03.13. «Қазақ әдебиеті» газетінің (№9(3329) санына Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор З. Қинаятұлының «Өткен күн мен келер күн» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.