ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ТАРИХШЫЛАРЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ және қырғыз халықтарының үркіншілік кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
40-тан астам ғалымдар қатысқан ғылыми салмағы басым басқосу Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдиновтың кіріспе сөзімен басталды.