Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Атырау қаласының тарихы: бастауы мен бүгіні» атты дөңгелек үстел


2022 жылдың 2 маусымында Атырау қаласында Х. Досмұхаметов атындағы Атырау университетінің КЕАҚ. «Х.Б.Табылдиев атындағы тарих және этнология интитутымен» бірлесе «Атырау қаласының тарихы: бастауы мен бүгіні» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ИРН АР09259623 «Атырау облысының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы»  атты жобасы аясында өткізілген.  

Өткізілген шараның жоспарына сай, отырысты Х.Досмұхаметов атындағы университетенің ректоры Идрисов С.А. кіріспе сөзбен ашып, зерттеу тақырып бүгінгі таңдағы өте өскелең әрі, ұстанымы берік екенін айта келе, бүгінгі таңдағы солтүстік каспий аймағының тарихын кешенді зерттелуінің маңызымен, экономикалық саяси және халықаралық дәрежесіне өте ұқыпты  мән бере келіп, жүргізіліп отырған зерттеу жұмыстарының өлке тарихын, Қазақстанның батыс өңірінің келбетін ежелгі дәуірден бүгінге дейін көрсету бүгінгі күннің талабы екенін ерекше тоқталды.

Дөңгелек стөл жоспары бойынша жоба тақырыбын орындаушылардың бірі т.ғ.д.ғ профессор Халидуллин Ғ. өзінің баяндамасында көтеріліп отырған мәселенің ғылыми танымдық негіздерін сонау бүгінгі жыл санауымыздың ХІІІ ғасырынан бастау керектігіне тоқталып, әркезеңдерді зерттеулер жүргізген ғалымдарға тоқтала келіп,  зерттеудің бүгінгі Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі, отандық тарихшылардың алдына қойып отырған мәселелер туындысына мағлуматты зер  салды, оның бүгінгі Қазақ елі үшін маңызы мне пәрмендігіне баса көрсетті.

Дөңгелек стөл отырысы барысында кезекті сөз алған Атырау облысы тарихи-мәдени мұра зерттеу орталығының директоры М.Кипиев мырзаның баяндамасы «Атырау өңірінің тарихи мәселелерін зерттеу» туралыжаңаша деректермен зерттеулердің мәліметтеріне толық келтіре келіп, ғылыми жобаның Атырау өлкесі туралы ашылуына жеткілікті мән бере отырып, аймақтың сауда, керуен жолдары, халықаралық қатынас, мемлекеттік шекара т.б. мәселелерді барынша ашып, шынайы ғылыми турғыдағы ескерілген, ескерусіз қалған және ғылыми негізге алынатын мәселелерді өз тарапында жолға қою туралы бірнеше жобалармен ескертпелер мен ұсыныстарын тақырыпты орындаушылардың бірі ретінде ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар отырыста талқыланып отырған мәселе бойынша осы жобаны орындаушылардың бірі Сарайшық тарихи мәдени қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұхтар өзінің соңғы кездердегі зерделеп жүрген тақырыбы екенін айта келе, ғылыми дәлелдей келе: Жайық бойында, Атырау қаласына жақын Кутлукент жерінде ХІІІ аяғы мен – ХV ғ. бас кездерінде ақша монета соғылғанын дәлел қылды.

Сонымен қатар Каспий маңындағы Атырау қаласының орналасып дамуына, ондағы саяси, экономикалық және т.б. өңірлік дәрежедегі жағдайларға тоқталған бірнеше тарих зерттеулерін айтуға болатынын отрырысқа қатысушылар атап өтті.

Бұл турасында ғылымда өзіндік өрнегін қалдырған педагог-ұстаз, зерттеуші Х.Табылдиевтің еңбектері туралы т.ғ.д., профессор Ж.Т.Таңатарованың мақаласында жан-жақты пайымдай отырып Х.Б. Табылдиевтің осы талқылауға ұсынылған тақырып бойнша көптеген ұсыныстары мен негіздемелері негіз бола алады.

Дөңгелек стөл отырысына талқылауға түскен тақырып бойынша мамандардың пікірлері біркелкі болмады. Оған себеп көтеріліп отырған тақырыптың бүгінгі таңдағы жиі-жиі тарихшылар арасында талқыланды деп ұғамыз. Бұл тұрасында осы аталмыш тақырыпқа сай келетін тарихи деректік мәселелер, зерттеуші В. Дарлекконың  1966 ж. жарық көрген «Классовая борьба на Яике в ХVII – начале ХVIII вв.» атты еңбегінде жосылғанын, ал жергілікті тарихшы, зерттеуші Хаметов Х.А. «Социально-экономическое развитие города Гурьева и его уезда середине ХVIII – начало ХХ вв.» атты диссертациалық жұмысының негізі болған.

Бірақта қоғамдық дамудың айғағы кезеңдегі тарихи өзгерістер мен әр түрлі елеулі жағдайлар өлке тарихының тез дамуына, қоғамдық ғылымның өскелең талабына сай болуын көздейтін экономикалық, саяси өзгерістері, бүгінгі Атырау өлкесінің пәрменділігіне толықтай сайма-сай орын алуда. Ол себепті, Дөңгелек стөл отырысына қатынаушылардың ұсыныстары мен қолдаулары болып отыр.