13.03.13. «Класс-Time» газетінде (№11(59) директордың ұйымдастыру және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Әліпби жолындағы тартыстар» деп аталатын мақаласы жарық көрді.
14.03.13. Дирекция отырысы өтті, онда жоспарлық тақырыптар жетекшілерінің 2013 ж. бірінші кварталы бойынша есептері талқыланды.
15.03.13. Институт ҚР БҒМ, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясымен, Алтай Мемлекеттік Университетімен және ТМД елдерінің «Тарих және компьютер» Қауымдастығымен бірге «Орталық Азия мен ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының теориялық-қолданбалы аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, оған қазақстандық тарихшылармен қатар, Ресей Федерациясының, Украинаның, Белоруссияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Түркияның ғалымдары қатысты.
15.03.13. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, т.ғ.к. З.М. Төленова, т.ғ.к. Қ.К. Қожаханова және А.Т. Саурықова Қазақ Мемл. Қыздар Пед. Университетінде жыл сайынғы «Нұрпейісов оқулары» шеңберінде өткен «Қалыптасқан Қазақстан және жаһандану жағдайындағы әлемдік тарихи үрдіс» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
16.03.13. Институттың жетекші қызметкерлерінің Ресей Федерациясынан келген белгілі ғалымдармен – проф. Ю.А. Петровпен (РҒА РТИ), проф. Л.И. Бородкинмен (ММУ), проф. С.Г. Кащенкомен (СПбМУ), проф. Ю.А. Мизиспен (ТМУ), проф. В.Н. Владимировпен (АлтМУ), доц. Е.С. Кащенкомен (СПбМУ), доц. Р.Б. Кончаковпен (ТМУ) кездесуі өтті. Кездесу барысында мемлекеттердің көптомдық ұлттық тарихтарын жазу саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
14-21.03.13. «Қазақстан-Zaman» газетінде Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Көтерген аспан туы, ол – Наурыз» атты мақаласы жарық көрді.
15.03.13. «Қазақ әдебиеті» газетінде (№ 11(3331) Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразовтың «Қиялдан тарих тумайды» атты сұхбаты жарияланды.