Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 18-31.03.2013


19-21.03.13. Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, ЖҒК, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай ТР ҒА Ш. Марджани атындағы Институт, М.А. Усманова атындағы Алтын Орда тарихын зерттеу орталығы, Кембридж университеті жанындағы ОА нумизматика Институты, сонымен қатар Мемлекеттік тарихи-архитектуралық және «Казанский кремль» көркемдік мұражайы ұйымдастыруымен Қазанда (Татарстан) өткізілген Халықаралық Алтынордалық Форумға қатысып, «Тенибек бин Узбек на сыгнакском троне» тақырыбында баяндама жасады.

20.03.13. «Әділет» газетінің №11-12 (119-120) санына Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.К. Спабектің «В семье единой: особенности национального состава населения Южно-Казахстанской области» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

21.03.13. «Президент және халық» газетінің №11-12 (393-394) санына Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК Ш.А. Сәлімгерееваның «Өсіп-өну өркендері» атты мақаласы жарияланды.

21-22.03.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай Ашхабад қаласында өткен «Новруз – праздник мира и добра» атты Халықаралық конференцияда «Великий день народа» тақырыбында баяндама жасады.

26.03.13. Институтта Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық бизнес Академиясының студенттері қатысқан «Революцияға дейінгі Қазақстандағы жер қатынастары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

27.03.13. Институт қызметкерлері мен т.ғ.д., Мельбурн университетінің профессоры С. Уиткрофтпен кездесу өтіп, оның барысында Қазақстандағы 1920-1930 жж. аштық мәселелері талқыланды.

28.03.13. Институт қызметкерлері Солтүстік-Қазақстан облысы ауыл мектептерінің тарих пәні оқытушыларымен кездесу өткізді.

29.03.13. Ғылыми кеңестің отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1) ОА және ТМД елдері, ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының теориялық және қолданбалы қырлары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жөніндегі есебі; 2) «Қазақстан тарихы – «История Казахстана» томдарының жұмыс барысы туралы ҚР және шетелдік БАҚ талқылануы; 3) түрлі (шетелдік конференцияларға қатысу жөніндегі есебі).

29.03.13. Дирекцияның отырысы болып, 18 сәуірде өтетін «Қазақстан тарихы көптомдығын даярлау: жаңашыл тұжырымдамалар және ғылыми танымдық негізде кезеңдеу» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру мәселелері талқыланды.