Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Методологиялық семинар «Қазақ этнографиясы бойынша библиографиялық басылымдар» (С.Е. Әжіғали)


2013 ж. 10 сәуір күні Институтта методологиялық семинар жұмысы өткізілді. Баяндаманы «Библиографические издания по казахской этнографии» («Қазақ этнографиясы бойынша библиографиялық басылымдар») тақырыбында Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали жасады. Баяндамашы зерттеу жұмыстарын жүргізуде библиографияның қаншалықты қажеттігіне тоқталып, оның әдістік маңызын ашып айтты. Библиографиялық еңбектердің кезең бойынша шығуын сипаттады. Олардың өзара ерекшеліктері, жетістіктері мен кем тұстарына тоқталды. Осы салаға көңіл бөліп, еңбектерін арнаған ғалымдар, библиографтар туралы мәліметтер берді. Өзінің жеке қорындағы бірнеше библиографиялық еңбектермен таныстырып, оларды тыңдаушыларға көрсетті. Қазақ этнографиясы бойынша басылымдардың көптігін айтып, оларды жүйелеп, библиографиялық еңбек жасаудың маңыздылығын түсіндірді. Бүгінгі таңда библиографияның даму барысына тоқталды, оған байланысты бірнеше жобалар ұсынып, жұмыс жасауға мүмкіндіктер бар екендігін жеткізді. Баяндаманың, әсіресе, семинар жұмысына қатысып отырған жастарға, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, этнология және археология факультетінің 2-курс магистранттарына, институттың жас қызметкерлеріне танымдық, әдістемелік маңызы жоғары болды.