Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 08.04.2013 – 14.04.2013 ж.


09.04.13. ҚР ҰҒА Президиумының кеңейтілген мәжілісінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановқа ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі куәлігі мен белгісі тапсырылды.

09.04.13. «Қазақ этнографиясы бойынша библиографиялық басылымдар» тақырыбында Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали методологиялық семинар өткізді. Семинар жұмысына Институт қызметкерлері мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ магистранттары қатысты.

10.04.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Ғылыми қызметкерлер күніне арналған «Қазақстан-2050 Стратегиясы: Білім – Ғылым – Инновациялар» Республикалық форумы шеңберінде өткен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» мазмұнындағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» аталатын дөңгелек үстелде «Ғылымдағы адам факторы: Қ.И. Сәтпаев феномені» атты баяндама жасады. Дөңгелек үстелді ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Философия, саясаттану және дінтану, Мемлекет тарихы, Әдебиет және өнер, Шығыстану және экономика институтттары ұйымдастырды.

10.04.13. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері Ф. Кәрібжановтың 100-жылдығына арналған «Рухы биік нар тұлға» атты кітап-көркемсуреттік көрменің салтанатты ашылуында «Ф. Кәрібжановтың өмірі мен мемлекеттік қызметі» тақырыбында баяндама жасады. ҚР Ұлттық кітапханасында өткізілген көрмеде «Қазақ жерінің даңқты ұлы» кітабының тұсаукесері жасалды.

10.04.13. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Еларна» арнасындағы «Мүмкін емес» хабарына «Оралмандар» тақырыбы бойынша сұхбат берді.

11.04.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. З.М. Төленова «Қазақстан» арнасындағы «Таңшолпан» хабарына «Қазақ ғылымының жауһарлары – ұлт тарихының тарландары: Г. Дахшлейгер, М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс» және «Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдары» гранттық жобасының маңызы» атты тақырыптар бойынша сұхбат берді.

12.04.13. Институтта Ғылым күніне арналған «Ғылым және тұлға» атты дөңгелек үстел өткізілді, оған институттың барлық ғылыми қызметкерлері қатысып, Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., А.И. Құдайбергенованың «Қазақстан тарих ғылымы: өткені мен бүгіні» тақырыбы негізгінде жасалған баяндамасын тыңдады. Сонымен қатар академик М.Х. Асылбеков, профессор С.Ф. Мажитов, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к. Қ.С. Алдадұманов, т.ғ.к. С.А. Асанова және басқалары ғылыми хабарлама жасады.

12.04.13. «Ғылым Ордасында» Ғылым күні салтанатты аталып өтті. Оған Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов, белгілі қазақстандық ғалымдар, ҒЗИ, ЖОО басшылары және басқалар қатысты. Салтанат шеңберінде ҒЗИ мен ЖОО ғылыми-техникалық жетістіктерінің көрмелері, сонымен бірге вакансиялар жәрмеңкесі болып өтті.

12.04.13. «Central Asia Monitor» газетінде (№ 14(434) Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Непредсказуемое прошлое. Что в изучении истории Казахстана важнее: объективность или идеология?» атты мақаласы жарық көрді.

12.04.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. З.М. Төленова «Алаш айнасы» газетіне (№ 60(971) «Ғылыми инновация деген пән енгізу қажет пе?» деген тақырыпта сұхбат берді.