2013 жылы 25 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистранттары мен Ғылым Ордасы Ғылыми кітапхана қызметкерлерімен бірігіп «Қазақстан ғылымын дамытудағы жастардың рөлі» атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел жұмысы институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылды. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың басшылығымен жүргізілген дөңгелек үстел барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкері Н. Құрманалинаның «Жастардың ғылымға тартылуы Елбасы назарында», т.ғ.к. Ж. Несіпбаеваның «Вопросы и проблемы модернизации Казахстана в контексте социальной политики Президента», ғылыми қызметкер Ж. Спабековтің «Ғылым жолында Жолдаудың алар орны ерекше», Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистрантттары С. Ақылбекованың «Қазақстан – 2050 стратегиясындағы әйелдер мен балаларды қорғау мәселесі», Г. Астемес «Жаңа қазақстандық патриотизм» және Ғылыми кітапхананың сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімінің қызметкері Н. Тілеуқабылдың «Ғылымдағы жастардың рөлі» тақырыбында баяндамалары тыңдалып, пікір алмасулар болды.
Дөңгелек жұмыс барысында «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламасына сәйкес Қазақстанның қазіргі ғылымындағы жас ғалымдардың орны мен рөлі, жастар саясатының жаңа қырлары мен оның дамуындағы жаңа жүйелі қадамдары талқыланды. Қазіргі таңдағы жастардың шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өту туралы мәселелер аясында ойлар айтылып, жұмыстың қорытындысы шығарылып, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдірілді.