Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22.04.2013-28.04.2013


22.04.13. «Страна и мир» газетіне Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С. Е. Әжіғалидың АҒК, т.ғ.к. Г. У. Орынбаевамен бірлескен «Изучение традиционной культуры казахов Китая открывает ранее неизвестные факты» атты мақаласы жарияланды / http://sim.kz/obshhestvo/v-poiskah-utrachennogo.html#more-23552

22.04.13. БҒК., профессор С. Ф. Мажитов М.Х. Дулати қоры ұйымдастырған «Мырза Хайдар Дулати энциклопедиясы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Баяндамасының тақырыбы «М. Х. Дулатидің өмірі мен қызметін зерттеу: проблемалары мен ізденістер» (Алматы қ., Абай ат. ҚазҰПУ)
22.04.13. ҚР БҒМ ҒК ТЭИ сайтында (http://www.iie.kz/developments) БҒК., профессор С. Ф. Мажитовтың «Инновационный контекст истории Казахстана Нового времени», «Живая история» және «Ускорение исторического времени как тренд современной модернизации казахстанского общества» атты мақалалары жарық көрді.
24.01.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х. М. Әбжанов Халел Досмұхамедовтың 130-жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан – 2050» стратегиясы және ұлттық элита» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «ХХ ғ. басындағы қазақ зиялысы және Х. Досмұхамедов» тақырыбында баяндама жасады.
24.04.13. ҚР Орталық кітапханасы ұйымдастырған «Сирек кітаптар мен қолжазбалардың ғылымдағы орны мен маңызы» атты Ғылым Ордасында болып өткен дөңгелек үстелде Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р. Е. Оразов «1916 жылғы көтерілісті зерттеудегі сирек кітаптар мен мұрағат құжаттарының маңызы» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстелдің өткізілуіне директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С. О. Смағұлова, т.ғ.к. Н. Ә. Атығаев және т.ғ.д., профессор В. З. Ғалиев ат салысып, ғылыми хабарлар жасады.
24.04.13. Институт пен Атырау мемлекеттік университеті арасында білім және ғылым саласы аясында ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа отырды.
25.04.13. Институттың жастар кеңесі мен ҚазМемҚызПУ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан ғылымын дамытудағы жастардың рөлі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысы директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С. О. Смағұлованың кіріспе сөзімен ашылды. Дөңгелек үстел барысында институттың жас ғалымдары АҒК, т.ғ.к. Ж. Ж. Несіпбаева, ҒК Ж. К. Спабеков, КҒК Н. Н. Құрманалина, сонымен қатар ҚазМемҚызПУ – С. Ақылбекова, Г. К. Астемес және тағы басқалар ғылыми баяндамалар жасап, Қазақстан стратегиясындағы жастардың ғылымдағы рөлі, әйелдер мен балаларды қорғау мәселесінде қатысты ойларын бөлісті.
25.04.13. Институт директорының ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С. О. Смағұлованың «Жебе» (Шымкент) газетінде «М. Дулатұлы «Қазақ» газетінің редакторы болған» атты мақаласы жарық көрді.
26.04.13. «Президент және халық» газетінің №7(399) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К. Қ. Нұрымбетованың «Он томдық тарих» мақаласы жарияланды.
26.04.13. Институт сайтында Этнология және антропология бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г. У. Орынбаеваның «А. Тоқтабаймен бірге экспедицияда» атты мақаласы жарық көрді / http://iie.kz/developments/1/174.jsp
26.04.13. «Қазақ әдебиеті» газетінің №17(3337) санына Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А. У. Тоқтабайдың «Тазының шамасы – он қасқыр» атты сұхбаты жарияланды.