Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларына ғылыми іс-сапар


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.К. Шашаев пен кіші ғылыми қызметкері А.Н. Конкабаева 2022 жылдың 27 маусымынан 11 шілде аралығында (Санкт Петербург) және жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор Н.Н. Құрманалина 2022 жылдың 27 маусымынан 16 шілде (Мәскеу) аралығында «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты гранттық қаржыландыру бойынша шетелдік іссапарларды жүзеге асырды.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларының кітапхана және архив қорларындағы зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды анықтау, жинақтау, ғылыми ізденістер жүргізу. 

Санкт-Петербург қаласында Ресей мемлекеттік тарих архиві (РГИА) мен Ресей мемлекеттік кино, фото, фоно материалдар архивінде (РГАКФФМ), Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві (ГАРФ) мен Ресей мемлекеттік әлеуметтік саяси тарих архивінде (РГАСПИ) жоба тақырыбы бойынша архив қорларымен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Ресейдің кітапханаларында электронды каталог бойынша  ізденіс жұмыстар жасалып, тиісті басылымдар табылды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар туралы, олардың ағартушылық қызметіне қатысты көптеген құнды архив құжаттары, авторефераттар, монографиялар, жекелеген мақалалар анықталып, олардың көшірмелері алынды.

Институтымыздан ұсынылған кітаптар Ресей мемлекеттік кино, фото, фоно материалдар архивінің директорына, Ресей мемлекеттік кітапхана қорына сыйға тартылды.  Ал Мәскеуден әкелінген бірнеше тарихи еңбектер, құжаттар жинағы Институттың кітапхана  қорына тапсырылды.