Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР: «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» жаңа академиялық басылымының «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының (1917–1991 жж.) кейбір проблемалық мәселелері»


2022 жылдың 27 шілдесінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстан тарихы Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі» жаңа академиялық басылымының «Кеңес кезеңіндегі (1917-1991 жж.) Қазақстан тарихының кейбір проблемалық мәселелері» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарда ғалымдар академиялық басылымның 6-шы томын даярлау барысында туындаған кейбір проблемалық мәселелерге байланысты методологиялық ұстанымдар мен көзқарастарды талқылады.

Методологиялық семинар барысында «Қазақстан 1917 жылғы өзгерістер кезеңінде» тақырыбында баяндама жасаған т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл осы кезеңнің негізгі мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол бұл материалдар қазіргі тарихи оқулықтарда көрініс табатындығын жеткізді. Соның ішінде, Ақпан және Қазан революциялары деген тақырыптарға қатысты өз ұстанымын білдірді.

Сонымен қатар, жиында қойылған екінші мәселе-Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мәні туралы з.ғ.к., профессор Нұрпейісов Е.Қ “Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі – большевиктер мен Кеңестерге балама саясат және басқару түрі” тақырыбында баяндама жасады. Профессор сондай-ақ, зерттеуге алынған тарихи объектінің бейнесін зерттеу кезінде ескерілетін маңызды аспектілерді атап өтті.

Қазақстандағы индустрияландыру мәселесін жазудағы тарихнамалық қайшылықтарды талдаудан баяндамасын бастаған т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожин тарихи материалдар мен тарихи фактілерді дұрыс жеткізудің маңыздылығы тақырыбында жан-жақты талдау жасады.

Ғылыми талқылау барысында ғалымдар арасында Ақпан және Қазан төңкерістерінің орын алуы және салдары жөніндегі тақырыптар кең түрде талданды.

Семинар соңына қарай, бас қосқан ғалымдар тарихи оқулықтар нақты оқиғаларға сәйкес материалдар мен ғылыми еңбектерге сүйене отырып жазылуы тиіс, ал осы тұста негізгі методологиялық ұстанымдардың орынды қолданылғаны дұрыс деген қорытындыға келді.