Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 27.05.2013-02.06.2013 ж.


28.05.13. Ғылыми Кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер: а) Институттың ҚР ЖОО-мен шығармашылық және ғылыми байланыстары; 2) Ғылыми іс-сапарлардағы мұрағат құжаттарының сапасы мен түгендігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының есебі; 3) ІV Халықаралық Жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы жөніндегі есебі; 4) Ғылыми іс-сапарлар туралы есебі.

29.05.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент С.А. Асанова ҚР Президенті Мұрағатында өткізілген «Большевизм және ұлттық интеллигенция» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

29.05.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева, ҒК, т.ғ.к., Қ. Қожаханова және ҒК Р.Е. Оразов Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханада Х. Досмұхамедовтың 130-жылдық мерейтойына орай өткізілген «Ағартушы. Ғалым. Қайраткер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

29.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов, директордың орынбасары С.О. Смағұлова, доцент Қ.С. Алдажұманов, АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Алматы» телеарнасына Қазақстандағы қуғын-сүргін құрбандары мәселесіне орай сұхбат берді.

29.05.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов ҚР Президенті мұрағатында өткізілген танымал қазақ мемлекеттік және қоғам қайраткері А. Алибековтың 120-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстелде ой-пікірімен бөлісті.

30.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжановтың «Жанайдар есімі жұрт жадында жаңғыруға тиіс!» тақырыбындағы мақаласы «Айқын (№94 (2249) санына жарияланды.

30.05.13. Институтта «ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы Қазақстан ашаршылық және «Үлкен террор» тарихы: зерттелу деңгейі және проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі баяндамашы Кеңес дәуріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов. Ғылыми хабарлар жазушы-публицист Б. Қойшыбаев, директордың орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанова және ҒК А.Ж. Абуов та ғылыми баяндамаларын жасады.

30.05.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Қасіретті уақыттың жылнамалары: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» атты Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелде «Қазақстанға депортацияланған халықтардың тарихы мен тағдыры» тақырыбында баяндама оқыды.

30.05.13. Кеңес дәурінідегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Хабар» телеарнасына «Арнайы репортаж» бағдарламасында сөз сөйледі.

31.051.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к., доцент С.Ә. Жәкішева саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Хабар» телеарнасындағы «Пятый угол» ток-шоуына қатысты.

31.05.13. «Егемен Қазақстан» газетіне Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов «Отан тарихы және ғылым тағдыры» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

31.05.13. «Алаш Айнасы» газетінің №90 (1001) санына директордың коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Қазақ қуғын-сүргінге өзгелерден гөрі көп ұшырады, оның өрлі, озық ойлы болуына байланысты» тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты.

31.05-06.06.13. «Central Asia Monitor» газетінің (№21 (441) Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Ресей империясы билігі тұсында» («В короне Российской империи») тақырындағы сұхбаты жарияланды.

31.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов, директордың коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов, сонымен қатар АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева «Алматы» телеарнасында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселелері тақырыбында сөз сөйледі.

31.05.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Радиоточка» интернет-порталындағы 1930-жылдардағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін мәселелеріне қатысты «Ультпросвет» ток-шоуында сөйледі.

31.05.13. Тілдерді дамыту жөніндегі Басқарма, Алматы қаласы, мұрағаттары және құжаттамасы және Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдастыруымен Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай өткізілген дөңгелек үстелде баяндама жасады.

01.06.13. Директордың коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлова «Білім» телеарнасына М. Дулатовтың қызметітақырыбында сөз сөйледі.

02.06.13. Директордың коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлова («Мәдениет» телеарнасы) «Өркениет» бағдарламасына қазақ ағартушыларына арналған арнайы бағдарламаға қатысты.