Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

“Төле би және ұлттық тарих”. Республикалық ғылыми конференция


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
 
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
 
БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2013 ж. 11 маусымында Төле би Әлібекұлының туғанына 350 жыл толуына орай Республикалық ғылыми конференция өткізеді.
Конференция тақырыбы: «ТӨЛЕ БИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ»
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Төле бидің ролі мен орны.
2. Билердің заң шығарушылық қызметі.
3. Билер институтын зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері.
4. Қазақ билерінің тарихы туралы тарихи деректер.
5. Қазақ халық шығармашылығындағы билер бейнесі.
6. Билер институты – қазақ мемлекеттілігінің даму факторы ретінде.
Конференцияға қатысу үшін өтінішті Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:
1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
2. Мақала мәтіні қағаз және электронды түрде.
Хат тақырыбында көрсету керек:алғашқы автордың Аты-Жөні – мақала атауы.
 
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2013 жылдың 31 мамырына дейін мына мекен-жайға: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті.
Байланыс телефоны және факс:
Байланыс телефоны: 8 (727) 261 16 35; 261 17 58.
Факс: 8(727) 261-67-19
E-mail: kazhistory@bk.ru; zh.toktarbayeva@mail.ru
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады.
Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
 

 

МАҚАЛЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ
 
1916 ЖЫЛҒЫ БОСҚЫНШЫЛЫҚ
 
Рүстемов С.К.
т.ғ.к., доцент
Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты
(Алматы, Қазақстан)
Мәтін… [1, 17-б.]. Мәтін …. [2, 25-б.].
Әдебиеттер:
1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. Сб. Воспоминание и материалов / Сост.: С. Шарипов. – Алма-Ата: Каз. Госиздат, 1937. – 316 с.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электрондық ресурс) //http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)
 
Аты-жөні (толық)____________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):____________________________________
Лауазымы:____________________________________
Ұйымның толық атауы:____________________________________
Байланыс телефоны:____________________________________
Автордың адресі:___________________________________
Факс, E-mail____________________________________
Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы