Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 10.06.2013-16.06.2013 ж.


11.06.13. Институтта Төле бидің 350-жылдығына орай «Төле би және ұлттық тарих» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Х.М. Әбжанов кіріспе сөз сөйледі. Конференция жұмысына институттың ғылыми қызметкерлерімен қатар академик С.С. Сартаев, т.ғ.д., профессор М.Ж. Әбдіров, т.ғ.д., профессор Н. Мұхаметханұлы, ф.ғ.д., профессор С. Дәуітов, т.ғ.д. М. Қожа, ф.ғ.д., жазушы М. Қалдыбай және тағы басқа ғалымдар да белсене қатысып, баяндамалар жасады.

11.06.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің ЖҒК, т.ғ.д., С.А. Жәкішева «Алматы» телеарнасындағы «Жаңалықтар» бағдарламасына қонақ ретінде қатысып, Қазақстандағы тарихи білім беру мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

11.06.13. «Аңыз адам» журналының №12 (72) санына институттың ғылыми хатшысы, Ph.D. А.П. Ермұхамедованың Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегін зерттеу мәселесіне қатысты «Қашқарияға дейін адамзатта осындай еңбектерді жазу тәжірибесі болған» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

13.06.13. «Аңыз адам» журналының №12 (72) санына Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә.К. Шашаевтың ортағасырлық танымал шығарманың авторы, мұсылман ғалымы М. Қашқариға қатысты «Араб әрпімен түркі тілінде жазған» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

13.06.13. Институтта «Кейінгі ортағасырдағы қазақтар және қазақ мемлекеттілігі Сефевидтік деректерде» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті.

13.06.13. «Ана тілі» (№24 (1178) санына Институт директоры Х.М. Әбжановтың «Тарих телеарнасы ашылса…» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

13.06.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.А. Асанова Абай атын. ҚазҰПУ-де өткізілген «Интеллигенция және оның ұлттық мәдениетті сақтап қалудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

14.06.13. «Central Asia Monitor» газетінің (№23 (443) санына Институт директоры Х.М. Әбжанов «Деректерге қайта оралу. Ұлттық тарихтың басымдықтарының алғышарттары» («Возвращение к истокам. О приоритетах трактовки национальной истории») атты мақаласы басылды.

14-15.06.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов Жамбыл облысы Меркі қаласында өткізілген «ХІХ ғасырдағы Жетісудағы тарихи-саяси ахуал және ондағы Сыпатай батыр Әлібекұлының тарихи орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес және Сыпатай батыр» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «1916 жылғы Меркі көтерілісінің зерттелу тарихынан» тақырыбында баяндама жасап, қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.