Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы


«Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазу» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттың ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы 10 шілдеден – 3 тамыз аралығында Орынбор облысының біріккен Мемлекеттік архивіндегі іссапарымен бөлісті.

Ғылыми іссапар кезеңінде ОГАОО-де жоба тақырыбы бойынша тізімдемелер зерделеніп, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың көшірмелерін жасауға тапсырыс берілді. Сондай-ақ, қазақстан тарихына қатысты естелік мекен-жайлар мен тың орындар анықталды.

Самат Жұматайұлы Н.Крупский атындағы Орынбор кітапханасында электронды және дәстүрлі каталогтарына зерттеулер жүргізіп, 1920-1925 жылдардағы хронологиялық шеңбердегі кітаптар мен журналдарға тапсырыс берді.

Сапар қорытындысы бойынша, кезінде орыс газеттері мен журналдарында жарық көрген белгісіз жарияланымдар табылды.

Орынбор облыстық архив істері бойынша комитеті Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архивімен Қазақстан-Ресей қатынастарын зерттеуге екі жақты меморандумға қол қойды.

Орынбор өңірлік Қазақ ұлттық-мәдени орталығы қоғамының басқармасы, “Бәйтерек” қорының қолдауымен, ақсақалдарымен, жастарымен кездесулер өткізіп, екі жақты меморандумға қойып, алдағы Орынбор өңірі қазақтарының тарихын зерттеуге жоспарлар құрды.

Тағы бірнеше келіссөздердің нәтижесінде Орынбор өңірінің тарихшы-архивисттер қоғамының басқармасы, Орынбор қазақтарының тарихын зерттеуге, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Ресейдегі өкілдігінің қолдауымен “Ана тілі” қоғамы, “Еуразия қазақтары” қоғамы өкілдіктерімен кездесулер өткізіп, екі жақты меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Орынбор Мемлекеттік университетінің басқармасы “Тарих және этнография” ғылыми-зерттеу институтының басқармасымен кездесулер өткізіп, екі жақты Қазақстан-Ресей қатынастары туралы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында және Самарлық мемлекеттік университетінің филиалы Орынбор заң-экономикалық колледжімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде меморандумға қол қойды.

Орынборда білім алып қызмет еткен М.Жұмабаев, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, С.Сәдуақасұлы, И.Арабаев секілді т.б. тұлғалардың 1920-1925 жылдары тұрған ғимараттарын табуға жұмыстар жасалып, ҚР СІМ меморальдік тақтасын орнатуға хат жазылды. Іссапардың әр кездесуі барысында т.ғ.д. В.Козодойдың “Әлихан Бөкейхан: эпоха века” және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З. Е. Кабульдиновтың “Астана тарихы” кітабы табыс етілді.