Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТАРИХ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСУЫ


2022 жылдың 5 тамызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Тарих институты арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Ынтымақтастық туралы келіссөздер алғаш рет ағымдағы жылдың наурыз айында Тарихнама, деректану және заманауи әдіснама бөлімінің меңгерушісі т.ғ. к. А. Т. Каипбаеваның іссапары кезінде өтті. Өзбек әріптестері Қазақстан мен Өзбекстанның тарих ғылымы саласындағы жетекші ғылыми орталықтары болып табылатын біздің ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми серіктестік туралы ұсынысқа қызығушылық танытты. Келіссөздер ғылыми іс-сапар аясында Ташкент қаласында қоғаммен байланыс жөніндегі директор орынбасарының м.а., тарих ғылымдарының кандидаты А. Т. Абдулина және PhD докторанты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Б.А. Әшім “Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу” жобасы бойынша қатысты.

Кездесу барысында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Азамат Хамидович Зиеев қазақстандық тарапты өзі басқарып отырған ҒЗИ жұмысының негізгі бағыттарымен, көп томдық тарихты дайындау, Өзбекстан тарихы бойынша дереккөздердің веб-порталын құру жөніндегі негізгі жобалармен және т. б. таныстырды. Өз кезегінде А. Т. Абдулина өзбек әріптестерін ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З. Е. Кабульдиновтың басшылығымен біздің институт қызметінің маңызды нәтижелері, Қазақстанның көп томдық және қысқа тарихын әзірлеу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және т. б. бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын іске асыру туралы хабардар етті.

Жасалған келісімге сәйкес, тараптар Түркістан тарихы бойынша бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, өткізілетін форумдарға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға қатысуды, жарияланымдар саласында үнемі жаңалықтармен алмасуды жоспарлап отыр.

Кездесу соңында басылымдармен алмасу өтті. А. Т. Абдулина Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институтының қорына монографиялар, соңғы жылдардағы құжаттар жинағын сыйға тартып, Өзбек әріптестерінен институт кітапханасының қорына өте құнды кітаптар мен журналдар алды:

  1. Аширов А. Өзбек маданиятида сув. Тошкент: Akademnashr, 2020 – 240 б.
  2. “O’ zbekiston tarixi ” журналы. 2021. № 1. – 164 б. (2 дана).
  3. “O’ zbekiston tarixi ” журналы. 2021. № 2. – 151 б. (2 дана).
  4. “O’ zbekiston tarixi ” журналы. 2022. № 4. – 163 б. (2 дана).
  5. Өзбек давлатчилиги тизимида даргох ва девонлар фаоляти тарихидан / лойиха рахбари Н. Хидирова ошкент: Akademnashr, 2019 – 352 б.;
  6. Узбекистон тарихига оид манба ва тадкикотлар (XIX–XX аср бошлари): МОГНОГРАФИЯ / масъул мухаррир: д.х. Зияева. Тошкент: Nurafshon business, 2022. – 456 б.
  7. Шодмонова с. Туркистонда тиббиет ходимлари ва уларнинг фаолиати (XIX аср охири-XX аср бошлари). Тошкент: Nurafshon business, 2022. – 280 б.

Сонымен қатар, Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы келіссөздер жүргізілді. Осы кітапхана мекемесі Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысында болуына байланысты, аталмыш ведомствомен келісу талап етіледі.

Жылы шыраймен қарсы алғаны және серіктестік туралы келісім жасасқаны үшін Өзбекстанның ғалым-тарихшыларына алғысымызды білдіреміз!