Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 24.06.2013-30.06.2013 ж.


26.06.13. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «Білім» телеарнасына «Ғылыми Кеңес» бағдарламасында «Мәдени мұра» мәселесіне сұхбат берді.

26.06.13. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов «Алматы» телеарнасына «Ұлы дала өркениеті» бағдарламасына Махамбет Өтемісұлы мәселесіне қатысты сұхбат берді.

27.06.13. Ғылыми кеңестің кезекті отырысы болып өтті: 1) Астана қ. мерейтойын атап өту; 2) «Қазақстан тарихы» – «История Казахстана» кітабының бөлімдерін ғылыми конференциялар, АҚМ-на жарияланымға жіберу; 3) ҒЗЖ-ның гранттық және бағдарламалық-мақсатты тақырыптары бойынша жартыжылдық есеп; 4) Методологиялық семинарлардың өткізілуі жөнінде.

27.06.13. «Алматы ақшамы» газетінің (№80 (4798) санына «Қазақ тарихы қалай жазылуы керек» тақырыбында Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. З. Қинаятұлы, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай және т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазиновтың сұхбатары жарияланды.

27.06.-04.07.13. «Central Asia Monitor» газетінің (№25 (445) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Әскери тұтқындар: қатып қалған догмалар және қайта қарауға талпыныстар» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

27.06.13. «Түркістан» газетінде өткен «Қазақ тарихы қалай жазылуы керек?» тақырыбындағы пікір-таласқа институт қызметкерлері т.ғ.д. З. Қинаятұлы, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, т.ғд. Қ.Ш. Әлімғазинов қатысып, берген сұхбаттары газет бетіне жарияланды.

27.06.13. «Казахстанская правда» газетінің (№217 (27497) санына «Тарихи білім және тарихи таным» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің материалдары жарияланды. Отырысқа институт директоры Х.М. Әбжанов, бас ғылыми қызметкерлер Ж.Б. Абылхожин, З. Қинаятұлы, Қ.Ш. Әлімғазинов қатысты.

28.06.13. «Литер» газетіне Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожин «Бес универсалий» атты сұхбаты жарияланады.

29.06.13. Кезекті еңбек демалысы алдындағы Институт ұжымының көкке шығу дәстүрі орындалды.