Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР Президенті Архивімен бірлесіп 2022 жылдың 9-шы қыркүйегінде өткізетін Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамындағы ағартушылық мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстелде ҚР Президенті Архиві дайындаған «Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік тұлға» атты тарихи-құжаттық көрме ұсынылады. Тарихи-құжаттық көрме мақсаты – архив құжаттарының негізінде ғасырлар тоғысындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы мен тағдырын А.Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректер арқылы жаңаша зерделеу.

Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі: https://us02web.zoom.us/j/82350269318?pwd=Qit6WGY1VXhPZXNwZlRHVllEVVRDQT09
Дөңгелек үстел идентификаторы: 823 5026 9318
Ену коды: 240836

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастарын, сонымен қатар Алаш қозғалысына қатысқан өзге де қайраткерлердің еңбегін жан-жақты насихаттау, ХХ бірінші ширегіндегі қазақ қоғамындағы ағартушылық мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:
– Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметінің кезеңдері мен ерекшеліктері;
– Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарастары;
– Алаш зиялыларының ағартушылық қызметі;
– Ресей отарлық билігінің қазақ қоғамындағы ағартушылық мәселелеріне қатысты
ұстанымдары;
– ХХ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ қоғамындағы ағартушылық мәселелері және
ағартушылық ұйымдар;
– Қазақстандағы Кеңестік биліктің бастапқы кезеңіндегі ағартушылық және білім беру
мәселелері.
Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-ші қабат, 205-кабинет .
Дөңгелек үстелдің басталуы – сағат 11:00, қатысушыларды тіркеу – 10:30-дан.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7702 932 33 33 – Айжан Досқараева, +7701 525 15 67 – Бақытгүл Балғазина.
Е-mail: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2022 жылдың 5-ші қыркүйегіне дейін мына электронды пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com

ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ

Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:
Қызметі:
Байланыс телефондары, факс.:
Е-mail.:
Баяндаманың атауы:

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті