Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың Жолдауын талқылау отырысы өтті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың Жолдауын талқылау отырысы өтті

2022 жылдың 3-ші қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылау аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шара Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының мүшелері, Тарих және этнология институтының қолдауымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел модераторы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов қатысты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ғалымдар Мемлекет басшысы қозғаған Жолдаудың негізгі ерекшеліктерін белгіледі. Талқыланған тақырыптар жастар мәселесіне, ауылдық жерлерде жұмыс орындарының жетіспеушілігіне, жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне, сондай-ақ, халықтың өмір сүру үшін жақсы жағдай іздеуде ауылдық аудандардан көшуі салдарынан қалалардың урбанизациясына қатысты жаһандық тақырыптар талқыланды.

Отырыс ҚР Президенті жасаған Жолдаудың негізгі тармақтарын қорытындылаумен аяқталды. Сондай-ақ, Мұрат Жұрынов Қ.Ж. Тоқаев ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқанын атап өтті. Ғалым елдегі пайда болған өрескел мәселелерге уақтылы назар аударудың маңыздылығына тоқала отырып, болашақ Қазақстанға өркендеу тіледі. Талқылау соңында отырысқа қатысушылар Қазақстанның көптеген салаларын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.