Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел: Құтлықтың «Елтеріс қаған» тарихи ашылуына арналған дөңгелек үстел отырысы


2022 жылдың 3 қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтында Құтлықтың «Елтеріс қаған» жазуының ғылыми ашылуы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының мүшелері, Тарих және этнология институтының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ғылыми экспедицияға қатысушылар тобынан дөңгелек үстел отырысына Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері Нәпіл Базилхан және Моңғолия Ғылым академиясының тарихи археология Институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтангэрэлийн Энхтур қатысты.

Құтлық “Елтеріс қаған” жазуының ашылуын талқылауға Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының мүшесі Мұрат Жұрынов та қатысты. Оьырыс барысында ғалымдар бірінші кезекте Түркі тарихы үшін аталмыш жаңалықтың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында ұйымдастырушылар Моңғолияның Архангельск облысы, Номгон жазығындағы ғылыми-археологиялық экспедицияның көріністерімен бөлісті. Алтангэрэлийн Энхтур Халықаралық Түркі академиясымен бірлескен жұмыс барысында анықталған археологиялық зерттеулердің нәтижелерін көрсетіп шықты.

Ғалымдар бүгінгі күні терең түркі тарихын одан әрі зерттеу үшін мұндай жаңа өзекті оқиғаларды дәріптейтін жаңа ашылулардың, жалпы тарих саласына қатысты маңыздылығын атап өтті.