Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2022 жылдың 6 қазанында сағат 14.00-де ЖТН АР09261139 «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру аясында «С. Сәдуақасұлының қызметі және Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі: тарих және қазіргі заман» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі мақсаты: С. Сәдуақасұлының және 1920 жылдардағы оның пікірлестерінің мемлекеттік және саяси қызметтері туралы мемлекеттік саясат пен реформалар бағыттары бойынша тарихи фактілерге негізделген ұсыныстар әзірлеу мақсатында ғалымдар мен сарапшылардың, талдау орталықтарының, академиялық орта және халықаралық ҒЗИ-ды, жоғары оқу орындарының профессорлары мен жас ғалымдарды, азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып пікір алмасу.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін зерттеушілер бұрын соңды құпия сақталып келген архив құжаттарына қол жеткізді. Осы орайда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының (1900-1933 ж.) өмірі мен қызметі жайлы зерделеу де бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі б.т.

Сәдуақасұлы Смағұл 1900 ж. Солт. Қазақстан обл. Ақжар ауд. Жарқын ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебін, Полтавка орыс-қазақ училищесін, 1931 жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын тәмәмдаған.

С. Сәдуақасұлы ұлттық мәдениеттің, театр мен ағартушылықтың, жоғары мектептің, БАҚ пен эргономиканың негіздерін нығайтуда, мемлекеттік бірегейлікті қорғауда өзінің ерекше бейімділігін көрсете білді. Ол Ресей империясының отаршылдық саясатын қатаң сынға алды. «Еңбекші жастар» атты қазақ комсомол газетінің тұңғыш редакторы болды. «Өртең», «Ұшқын», «Еңбек туы» (Орынбор) газеттерінде де жұмыстар атқарды. 1920 ж. қазан айында қазақ автономиясының Құрылтай съезінде ҚазКСР кеңестерінің ОСК мүшесі, ҚазЦИК-тің саяси хатшысы болып сайланды.

1918-20 ж. «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде нұсқаушы қызметін атқарды. Бірлестіктің «Трудовая Сибирь» атты салалық журналына қазақ өмірінің өзекті мәселелерінен, қазақ әдебиеті жайында орыс тілінде мақалалар жариялап тұрды. 1921 ж. Семей облысын Сибревкомға бағынудан Қазақ Автономиялық Республикасына бағындырудан этнотерриториялық межелеу процесіне белсене қатысты. 1922-1925 ж. Түркістан ОСК жанындағы ҚазССР өкілетті өкілі, Қазақ автономиясы Жер комиссарының орынбасары, Республиканың жоспарлау комиссиясының төрағасы сияқты маңызды мемлекеттік қызметтер атқарды. 1925-1927 ж. Қазақстан Халық ағарту комиссары, БКП (б) Қазақ облыстық бюросының мүшесі болды. Халық ағарту тақырыбында да көптеген еңбектер жазып, А. Байтұрсыновпен тығыз жұмыс жасады. С. Садуақасовтың қаламынан «Жастардың жаңа тәсілі», «Қазақстандағы білім беру мәселелері туралы» және басқа да еңбектер шықты. Тұңғыш қазақ театры үшін ол бірнеше пьесалар мен спектакльдерге сыни пікірлер жазды.

1927-1928 ж. Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының ректоры болды. 1928-1932 ж. Мәскеу көлік инженерлік институтында білім алып, институтты тәмамдаған соң Мәскеу-Донбасс құрылысында еңбек етті.1933 ж. белгісіз жағдайда қаза тапты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік және саяси қызметі;
  • Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тиімді басқару: тарих сабақтары. КСРО-да аудандастыру: С. Сәдуақасұлының ұстанымдары мен тәсілдері;
  • С. Cәдуақасұлының педагогикалық көзқарастары мектеп ісін ұйымластыру: теория және тәжірибеа. Алғашқы халық ағарту комиссариаттары мен соның ішінде С. Сәдуақасұлы мысалында;
  • Ұлттық-мемлекеттік құрылыстың құқықтық негіздері Қазақ Республикасы мысалында. Алаш қайраткерлері БАҚ баспасы дискурсында: тарих және қазіргі заман;
  • КСРО-дағы репрессивті механизмдер ұлттық республикалардың жетекші эшелонын қудалау мысалында. Тарихтағы тұлғаның рөлі Смағұл Сәдуақасов мысалында.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция жұмысының басталуы: 2022 ж. 6 қазан, сағат 14.00 (Нұрсұлтан қаласының уақыты бойынша (Қазақстан).

Өткізу формасы: ZOOM негізіндегі конференция (конференция идентификаторы: 860 8586 1292, паролі: 320091). Конференцияға қатысу үшін зерттеушілер, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар: докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Респ. конференция жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды қабылдау e-mail: b.zamzagul75@mail.ru Тіркеу нысаны 2022 жылғы 28 қыркүйекке дейін, баяндама (мақала) материалдары – 2022 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар мынадай талаптарға қатаң сәйкестікте ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 10 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MSWord мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файл атауы және сурет форматындағы жеке jpeg файлдар автордың тегімен аталуы керек, мысалы, «Ергалиев_өтінім», «Ергалиев_мақала».

1. Кестелердің, схемалардың, суреттердің атауы болуы керек және Windows ортасында терілуі керек.

2. Бет пішімі: А4.

3. Шеттері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см, сол жағы – 3 см.

4. Шрифті: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал– бірлік.

6. Азат жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (-лардың) аты-жөніғылыми дәрежесі, атағы (бар болса).

8. Төменде автор жұмыс істейтін мекеменің толық атауы және оның лауазымы.

9. Автордың аты-жөні астында баяндаманың атауы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРІППЕН) ортасында көрсетіледі.

10. Азат жолдан кейін бір интервалдан соң тікелей баяндама (мақала) материалы.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде ресімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] немесе [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелердің, диаграммалардың, суреттердің атауы болуы керек және Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контрастпен және кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы керек. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы керек. Кестелер көрнекі болуы, атауы, реттік нөмірі болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жеріне қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен ресімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕЛЕР бөліміне жатқызылады және жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтіндегі жол сілтемелеріне жол берілмейді.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақша – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб цифрларымен беріледі. Дефисті (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т.б. белгілеу кезінде көрсетіледі: 89-92 с. 179-185 бб.; 1878–1879 жж.; XV-XVI ғғ. (бөлмей), немесе XV ғ. соңы –XVIғ. басы (бөліп); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Кестелеуге, сөздерді босатуға, автоматы режимде орындалатын командаларды, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Мақалалар рецензияланбайды, автор осы мақалалардың мазмұнына және плагиатқа жауап береді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Байланыс тұлғалары: Муканова Гюльнар Кайроллиновна (е-mail: gulnar_mukanova@mail.ru тел.: +7 747 274 64 78), Байжуманова Замзагуль Бекежановна – (е-mail: bek.alma_81@mail.ru; тел.: +7 747 156 83 82)

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

 Толық аты жөні 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылыми дәрежесі және атағы 
 Байланыс мекен жайы және телефоны, е-mail 
 Қатысу бағыты, нысаны 
 Баяндама тақырыбы 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

А.Т. Абдулина, т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,

этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі:

1 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методика и новые подходы // «Орталық Азиядағы қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа стандарттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. –10-17-бб.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. –28-б.