Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

2022 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР ҒжЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп «Ресей вассалитетіндегі қазақ даласы: дала элитасының тарихы мен тағдыры» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Дала ақсүйектері Ұлы Дала тарихындағы феномен ретінде бірнеше рет ғылыми танымның объектісіне айналды, алайда бұл зерттеулер дискретті сипатқа ие болды, осыдан бұл құбылысты ғылыми тұрғыдан түсінуге қызығушылық туды. Дала билеушілері кез-келген идеологияның призмасы арқылы әрдайым қарастырылды, бұл белгілі бір дәуірдің тарихи шындығын қабылдауды қиындатты.

Әр уақытта тарихи үдерістердің жалпы барысын анықтаған хандар, сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен старшындар ғылыми әдебиеттерде барынша кеңінен ұсынылуы керек. Олардың тұлғалары, сипаты, белгілі бір тарихи дәуір үшін маңыздылығы объективті жарықтандыруды қажет етеді.

Халықаралы ғылыми-практикалық конференция өткізу оған қатысушылардың негізгі көзқарастарын ашуға, бұрын белгісіз болған фактілер мен материалдарды жариялауға, сонымен қатар осы мәселе бойынша бірыңғай түсінік пен тұжырымдама қалыптастыруға көмектеседі. Проблемалық көзқарастарды анықтау, мысалы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы, ұлттық қозғалыстар мен көтерілістердің жалпы арқауы сияқты маңызды тарихи оқиғалар мен процестердің барысын жақсы түсінуге және қайта құруға, бірқатар белгілі тұлғалардың мативациясын ашатын олардың іс-қимылындағы қайшылықтарды түсінуде маңызды.

Конференция жұмысы барысында келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Тұлғаның тарихтағы рөлін зерттеудің тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдері
  • Жаңа замандағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
  •  Дала билеушілері халық ауыз әдебиетінде
  • Кіші жүз билеушілерінің өзара қарым-қатынастарының сыртқы контурлары.
  • Өлкені әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңаша құруда далалық элитаның рөлі

Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтінімдер мен мақалалар galia8.09@mail.ru электрондық пошта арқылы 2022 жылғы  10 қыркүйекке дейін қабылданады. Мақалалар қатаң талап бойынша ресімделеді.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын 

Өткізілетін уақыты: 2022 ж. 28 қыркүйегінде, сағ. 11.00.

Жұмыс форматы: ZOOM бағдарламасы негізінде онлайн-конференция (идентификатор: 844 9666 0605; пароль: 582696).

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/84496660605?pwd=QjVta0F2MmZ6bGZKTmpsdEoxRSt6dz09

Ұйымдастыру комитеті:

Ахмет Аққали Қабижанұлы, т.ғ.д., профессор (Атырау қ.)

Ізбасарова Гүлбану Болатқызы, т.ғ.д., профессор (Ақтөбе қ.)

Жұмағалиева Күләш Валитханқызы, т.ғ. к., қауымдастық.проф. (Нұрсұлтан қ.)

Жұмаділ Арман Қабдешұлы, т.ғ.к., ЖҒҚ (Алматы қ.)

Өжкенов Ернар Мұратұлы, т.ғ.к. ЖҒҚ (Алматы қ.)

Шотанова Ғалия Айтжанқызы, т.ғ.к., ЖҒҚ (Алматы қ.)

Сатенова Марал Ратайқызы, PhD докторанты, АҒҚ (Алматы қ.)

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР ҒжЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі: +7 (702) 4076240 Шотанова Ғалия Айтжанқызы.

Қосымша

Тіркеу формасы (қазақ және орыс тілінде)

ер  □                              әйел  □

1Тегі 
2Аты 
3Әкесінің аты 
4Ғылыми дәреже, қызмет  
5Ұйым (ғылыми мекеме, ЖОО атауы, мекен-жайы) 
6E-mail 
7Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) 
8Баяндама атауы 
9Қажетті техникалық құралдар 
10Қонақ үй бөлмесін брондау қажеттілігі (иә/жоқ) 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті