2022 жылғы 27 маусымнан 16 шілдеге дейін Ресейдің Мәскеу қаласына ғылыми іссапар туралы


ҚР ҒЖБМ гранты бойынша «IRN AR09261139 «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі» (жаңа мұрағат және жазба деректері негізінде)» жобасын орындау аясында жобаның жетекшісі, аға ғылыми қызметкер, профессор Г.К. Мұқанова және ғылыми қызметкер З.Б. Байжуманова Мәскеу қаласына (РФ) іссапарға жіберілді. Мәскеу қаласының мұрағаттары мен кітапханаларында археографиялық жұмыстар жүргізіліп, Смағұл Сәдуақасов пен оның әріптестерінің қызметі туралы сирек материалдар анықталып, 1920–1930 жылдардың басындағы тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси ахуалы қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:

  • ГАФР, РҒАЭ, РҒАСПИ мұрағаттарына барып, микрофильмдер мен құжаттардың түпнұсқалары қаралды.

Атап айтқанда, ГАФР қорларынан: Ф. 1318. Оп. 11. Істері 31, 33, 41, 42, Ф. 6987. Оп. 1. Іс 1 және т.б. құжаттар зерттелді.

РҒАЭ қорларынан: Ф. 4372, оп. 15. Істері 303, 304, 305, 306, 316, Ф. 4372, оп. Д.316, 464, 674 және т.б. құжаттар зерделенді. Олар негізінен С. Сәдуақасовқа қатысты деректерді қамтитын Қыр(Қаз) секциясы Госпланының жұмысы туралы есептерден тұрады.

РҒАСПИ қорларынан: Ф. 17 оп. 25 істері 6, 9, 11, 12, Ф. 355. Оп.1. Іс 147 және т.б. құжаттар зерттеліп, 1920 жылдардағы ҚазССР Госпланының жұмысына қатысты материалдар табылды. Сондай-ақ, Қызыл профессорлар курсының контингенті бойынша және Госплан қызметін қадағалаған Г.М. Кржижановскийдің микрофильмдері қаралды.

  • Ресей мемлекеттік кітапханасының жалпы жүйелі каталогы мен қорларынан 1920–1930 жылдар тарихы бойынша кітап қоры және басылымдар зерттелді. Г. Тогжанов және басқа авторлардың сирек кездесетін басылымдары: брошюралар мен мақалалар анықталды.
  • 1920 жылдардағы мұрағат істеріне қатысты микрофильмдер қаралды. Көптеген деректер нашар сақталған және қол жетімсіз күйде.
  • С. Сәдуақасовтың Мәскеу мен Қызылордадағы қызметіне қатысты дереккөздер, Казкрайком бюросы мен хатшылығының отырыстарының хаттамалары табылды, бұл наркомның өмірбаянындағы аз белгілі мәліметтерді ашты.

Іссапар барысында РИНЦ басылымдарында ғылыми мақалалар жарияланды:

  1. Мұқанова Г.К., Байжуманова З.Б. Дағдарысқа қарсы менеджмент: 1920 жылдары Қазақстан үкіметі мен Алаш мамандарының аймақтандыру мәселелері бойынша Орталық Азиядағы ынтымақтастығы тарихынан. // Құқық, экономика және басқару: теория және тәжірибе. Чебоксары, 2022. 23.06.2022 ж. ISBN 978-5-907561-45-8.
  2. Mukanova G.K., Bayzhumanova Z.B. Педагогикалық көзқарастары: әдістемені қалпына келтіру // Педагогика, психология, қоғам: теориядан тәжірибеге. Чебоксары, 2022.

Мәскеудегі мұрағаттарда сирек кездесетін құжаттар жүйеленіп, С. Сәдуақасовтың Қазкрайдағы аймақтандырудағы (Госплан) және Сібір (Ақмола және Семей облыстары) мен Түркістан шекаралық мәселелерін реттеудегі қатысуы туралы деректер жиналды.

Мәскеуде С. Сәдуақасовқа қатысты естелік орындар: РҒА Шығыстану институты, Дон зираты – 1930 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған бауырластар зираты, онда А.Н. Бөкейханов пен Н. Нұрмақовтың естелік тақталары орналасқан, зерттелді.

Ресей мұрағаттары мен кітапханаларына барған сапар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша жарияланады. Жиналған материалдар құжаттар жинағына еніп, ғылыми мақалалар жазу мен құжаттар жинағы және ұжымдық монография дайындау үшін пайдаланылады.