Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың Жас ғалымдар кеңесі Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жолдауын талқылады


2022 ж. 16 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өткізді. Іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау болды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, медицина, білім және ғылым саласына, заң мен тәртіп мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жоспарланған жаңа саяси бастамалар атап өтілді, оның ішінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу. Еліміздің болашағы – жастар. Сол себептен «Жаңа Қазақстан» жаңару мен жаңғырту жолы бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. 

Басшылық тарапынан кіріспе сөзімен іс-шараны Институт директорының көпшілікпен байланыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы бастады. Дөңгелек үстел барысында өз ой-пікірлерімен Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Д. Күнікеев, Институттың Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD М.М. Қозыбаева, Дүниежүзі тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.С. Тылахметова, ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.А. Досқараева, Дүниежүзі тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Р.Закарья, Этнология және антропология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Н.Досымбет, Тарихи демография және Қазақстан халқы ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Қ.М. Мырзаходжаев және Институттың баспасөз хатшысы Г.Т. Бурибаева бөлісті. Модератор ретінде Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері, Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы М.Т. Морякова іс-шараны қорытындылады. Талқылау нәтижесінде іс-шара қатысушылары жоспарланған саяси реформаларды, алдағы президенттік сайлауды қолдап, және «Жаңа Қазақстанның» жаңару жолында еліміздің ілгерідамуына өз еңбегімен үлес қосу қажеттігі туралы пікірге келді.