Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ЗАХИРИДДИН МҰХАММЕД БАБЫР АТЫНДАҒЫ ӘНДІЖАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ МУЗЕЙІ

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (жаңа мұрағат көздері аясында)» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Захириддин Мұхаммед Бабыр атындағы Әндіжан мемлекеттік университеті жанындағы репрессия құрбандарын еске алу музейі 2022 жылдың 24 қазанында сағат 11.00-де «XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикаларының аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (жаңа мұрағаттық деректер негізінде)» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін зерттеудің өзекті мәселелері;

– Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымындағы саяси репрессия тақырыптарының зерттелу жағдайы – тарихнама және теориялық -әдістемелік тәсілдер;

– Орталық Азия республикаларындағы тоталитарлық режимнің репрессиялық саясатының ерекшеліктері;

– Орта Азия республикаларындағы кеңестік режимге қарсыластық – формалары, кезеңділігі, аймақтық ерекшелігі;

– 1920-1950 жылдары Орта Азия республикаларындағы қазақтарға қарсы қуғын-сүргін;

– Орталық Азия республикаларындағы мемлекеттік жад саясаты және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы саяси қуғын – сүргіннің орны;

– Саяси қуғын -сүргін процестеріндегі тұлғалар;

– Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және репрессия құрбандарын толық ақтау мәселесі;

– 1920-1930 жылдардағы Орталық Азия республикаларындағы ашаршылық – табиғи цикл, саяси экономика, демосаясат, некросаясат және этникалық экономика факторларының арақатынасы;

– Саяси қуғын -сүргін үрдісіндегі тұлғалар;

-1920-1950 жж. Орталық Азия мен Қазақстандағы қуғын-сүргіннің этнодемографиялық аспектілері және аймақтың этномәдени картасындағы өзгерістер;

– Саяси қуғын -сүргін жүргізуде мемлекеттік құрылымдардың рөлі;

– Орталық Азиядағы саяси қуғын-сүргін тақырыптарын қоғамдық кеңістікке және тарихи білім беру саласына енгізу мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, өзбек, орыс, ағылшын.

Конференцияның өткізілу уақыты: 2022 жылғы 24 қазан, сағат 11:00.

Zoom коференцияға қатысу:

https://us02web.zoom.us/j/81581827452?pwd=ZnRKaXpXaW5qY28zdHJJQjdWeFRHdz09

Жұмыс форматы: Zoom базасындағы онлайн конференция (идентификатор: 815 8182 7452, құпиясөз: 593513)

Конференцияға қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 10 қазанға дейін электрондық түрде осы электрондық поштаға қабылданады: Timur-Eccehomo-1988@yandex.ru

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына мақалаларды қабылдау 24 қазан 2022 жылға дейін жалғасады.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 10-12 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; абзац – 1 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде қала, ел орталық бойынша орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен көрсетілуі керек (мысалы, [1, 65-б.]), ескертілуіне қарай, мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі – Қалыбекова Манара Шалтенқызы (+7 701 299 30 41), ғылыми қызметкер – Рыскулов Тимур Азизбекович (+7 771 130 07 27)

«XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикаларының аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (жаңа мұрағаттық деректер негізінде)» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

 Аты-жөні толығымен 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылымидәрежесіжәнеатағы 
 Байланыс адресімен телефоны 
 e-mail: 
 Бағыты  
 Баяндама тақырыбы 
 Көрсету үшін слайдтардың болуы: ИӘ / ЖОҚ (слайдтар 13.09.2022 ж. дейін алдын ала жіберіледі).  

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті