Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия


2022 жылғы 25 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессия өтті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басшылығымен ұйымдастырылған 2 күндік «Ғылым және жоғары білім форумы» шеңберінде өткізілген «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығына арналған панелдік сессияға ҚР БҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы А.Ж. Тойбаевтың алғысөзімен ашылды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары мен профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары мен ғалымдары қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің қолдауымен «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық 7 томдығы 3 тілде уақытымен жарық көреді деген сенімдерін білдірді.

Аталған іс-шара барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «7 томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» жаңа академиялық басылымының тарихи маңыздылығы туралы», Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, PhD доктор, қауымдастырылған профессор А. Оңғар «Қазақстан археологиясының өзекті мәселелері», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, т.ғ.д. А.Қ.Кушкумбаев «Қазіргі Қазақстандық тарихнамадағы Алтын орда тарихы», Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Х. Абусеитова «Қазақ хандығының тарихы мен мәдениетін жазудың жаңа тәсілдері (XV-XVIII ғғ. басы)», Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директорының ғылым жөніндегі орынбасары м.а., т.ғ.к. Ш.Б.Тлеубаев «Қазақ босқындарының тарихын зерттеу мәселелері (1920-1930 жж.)», Мемлекет тарихы институтының директоры т. ғ. д., профессор Е.А.Әбіл «Қазақстанның қазіргі тарихын зерттеу мен репрезентациялаудың теориялық-әдіснамалық мәселелері», Жетітомдықты дайындау орталығының үйлестірушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С.Уалтаева «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық басылымды 7 томда дайындау мен жариялаудың негізгі кезеңдері» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады. Халықаралық түркі академиясынан Т.А.Козырев және басқа да ғалымдарымыз сөз сөйлеп, қолдауларын көрсетті, көптомдық академиялық басылымды дайындаудағы өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.

Панелдік сессия Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын 7 томдық етіп әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы жобасының сәтті аяқталып, еліміздің тарихын тың деректермен толықтыратын, елімізде және әлемдік деңгейде өз оқырманын табатын еңбек болсын деген тілекпен қорытындыланды.

Бекенова А.А. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының КҒК, тарих магистрі