Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция


2022 жылғы 29 қыркүйекте «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде ҚР ҒжЖБ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері»» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов модераторлық етті.

Конференция барысында Ш.Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының жетекшілігімен тарих және этнология ғылымы саласындағы жетекші мамандардан құралған жұмыс тобының атқарған жұмысының негізгі нәтижелері талқыланды. Аталған бас институтпен қатар жобаны іске асыруға жанама түрде (өз қызметкерлері арқылы) ҒжЖБМ Ғылым комитеті мен ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауымен Мемлекет тарихы институты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және т.б. сондай сияқты жетекші ғылыми-зерттеу және оқу орындары қатысты.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан: ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов «Участие казахов в «Пыльном походе» 1771 года»; бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Әбдіров «Прототюркские этносы в мировой истории: таинственные шумеры, загадочные этруски и грозные гунны»; жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.К. Рүстемов «1916 жылғы босқыншылық»; бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының
докторы, профессор К.Ү. Торланбаева «Ренессанс Великой степи»; Институт директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары м.а., тарих ғылымдарының кандидаты, конференцияның координаторы А.Т. Абдулина «К вопросу о возникновении жузов у казахов»; тақырыптарында баяндамаларын жасады.

Конференцияның мақсаты – шетелдік аудиторияға еліміздің қысқаша тарихын дайындау тұрғысынан Қазақстандағы тарихи, этнологиялық және антропологиялық ғылымды дамытудың өзекті бағыттарын, академиялық тарих және этнология институтының басшылығымен жобаның жұмыс тобының атқарған жұмысының негізгі нәтижелерін талқылау болды.

«Almaty Management University» (AlmaU) қамқоршылар кеңесінің төрайымы, қоғам қайраткері Ж.К. Бердалина «Ашаршылық – смятение, страдания, страх… Историческая правда по книге Колана Аманова «Үрей»; И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (Қырғызстан, Бишкек қ.) Ж.Р. Байдилдеев «Казакстандын кыскача тарыхын чет элдик аудиторияларга окутуудагы Кыргызстандагы маселелер»; тақырыптарында баяндама жасап, жоба бойынша пікірлерімен бөлісті.

Конференцияға қатысушылар пленарлық және секциялық отырыстардағы баяндамалар барысында келесі бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады:

  • Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер.
  • Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихнаманың, Деректанудың жетістіктері және иллюстрацияланған басылымдарды дайындау.
  • Ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын жариялаудағы халықаралық тәжірибе.
  • Ұлы даладағы мемлекеттіліктің мыңдаған жылдық дәстүрі.
  • Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығы мәселелері.
  • Ұлы Дала мен Қазақ хандығының тарихы ұлы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі призмасы арқылы.
  • Қазақстан Ресей империясының орбитасында.
  • Қазақстандағы 1921–1922, 1931–1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері.
  • Қазақстандағы 1920–1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын–сүргін және қуғын–сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі.
  • Кеңестік Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
  • Қазақстан этнологиялық ғылымының өзекті мәселелері. Қазақстанның жаһандық әлемдегі заманауи мәдениеті.

Көрсетілген тақырыптық блоктарды талқылау нәтижесінде келесі ҚАРАР қабылданды:

  1. «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы стті өтті деп саналсын;
  2. «Шет елдік аудиторияға арналған Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін қысқаша тарихы» ғылыми-көпшілік басылымын орыс жне ағылшын тілінен өзге, БҰҰ-ның негізгі тілдеріне аудару үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне ұсыныс айтылсын;
  3. Жаңа басылым жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушыларына оқу процесінде пайдалану үшін ұсынылсын;
  4. Осы конференцияның материалдары электронды және баспа форматында басып шығарылсын;

Конференцияның бұл материалдары ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтауға, тарихи сананы қалыптастыруға мүдделі оқырмандардың кең ауқымына арналған.