ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» ШЖҚ РМК
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қ.С. Алдажұмановтың 80 жасқа толуына орай 2022 жылдың 9 желтоқсанында өтетін «ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – ХХ ғасырдағы отан тарихының өзекті мәселелерін зерттеу, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі даму мен трансформациялардың негізгі бағыттарын анықтау, аталған кезеңдегі тарихи процестерді талқылау және қайта қорытуда мәселелер мен жаңа ұстанымдарды тың архивтік деректер негізінде профессор Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың ғылыми шығармашылығы аясында айқындау.
Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері. 1968 жылы С.М. Киров ҚазМУ-дың тарих факультетін бітірген соң жас маман ретінде Тарих және этнология институтына жіберіліп, кіші және аға ғылыми қызметкер, 1990-1994 жж. – Аграрлық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың шілдесіне дейін институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы ашаршылық, ұжымдастыру және шаруалар көтерілістері, қоғамдық-саяси өмір және саяси қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы соғыс, Еңбек армиясы және халықтарды Қазақстанға депортациялау, Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және ұлтаралық қақтығыстар тарихын зерттеумен айналысты. 400-ден астам ғылыми және ғылыми-қоғамдық басылымдардың авторы және редакторы, оның ішінде «Еңбекте және майданда» (1979 ж., 240 б., авторлар ұжымы), «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж.)» (1985 г., 320 б., Балақаевпен авторлық бірлікте), «Шығыс Сарыарқа» (2004 г., 703 б., авторлар ұжымы) және басқа монографиялардың авторы. «Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және 1931-1933 жж. ашаршылық» (1998, 240 б.) тарихи-құжаттық зерттеу авторларының бірі, «Қазақстанға жер аударылғандар: уақыт пен тағдырлар» (1998, 420 б.) және т.б. «Қазақстан тарихының» 5 томдығын даярлау және шығару жобасы жетекшісінің орынбасары және 4-ші том авторларының бірі (1996-2010 жж.). 1991-1992 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі жанындағы ашаршылық себептерін және саяси қуғын-сүргінді зерттеу жөніндегі комиссияның мүшесі болды, оның қорытындысын жазған ғалымдардың бірі.
Оның ғылыми жетекшілігімен 1930-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық және шаруалар көтерілістер тарихы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның баяндамалары көптеген республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланған. 1999-2009 жж. жоғары әскери оқу орнында профессор болып сабақ берді.
Ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Еңбектегі ерекшелігі үшін» медалімен (1986), «Құрмет» орденімен (1998), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2002), «Еңбек ардагері» медалі (2017), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрметті профессоры атағымен (2019 ж.), М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің дамуына қосқан үлесі үшін «Академик Манаш Қозыбаев» медальімен (2022 ж.), Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:
- Профессор Қ.С. Алдажұманов және оның ХХ ғасырдағы Отан тарихының ақтаңдақтарын зерттеуге қосқан үлесі: ғылыми және кәсіби жолы;
- Қазақстан Ресей империясындағы революциялық өзгерістер тұсында (1917-1920 жж.);
- Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы: жаңа ұстанымдар мен көзқарастар;
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелері: әдістері мен түрлері;
- Қазақстандағы индустрияландыру: іске асырылу жолдары мен нәтижелері;
- Кеңестік биліктің Қазақстандағы жер саясаты;
- 1920–30-шы жж. аштық: себептері мен салдары;
- Қазақстандағы халық көтерілістері мен наразылықтар (1920–1930-шы жж.)
- Саяси репрессиялар: ортақ мәселелері мен ерекшеліктері (1920–1950 жж.);
- Кеңестік биліктің білім, ғылым және мәдениет саласындағы саясаты;
- Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы орны мен рөлі;
- Қазақ ауылдары мен қалаларының күнделікті өмірі (1920–1950 жж.).
Конференция офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі:
Конференция идентификаторы: 870 0914 4996
Кіру коды: 978836
Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі 28, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК-ныңОрталық ғылыми кітапханасы, 3-ші қабат, конференц-зал .
Конференцияның басталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7702 932 33 33 – Айжан Досқараева.
Е-mail: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2022 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін мына эл.пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com
Конференцияның қорытындылары бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда, материалдар 2022 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен.
Материалдарды рәсімдеу талаптары: Microsoft Word редакторында көлемі 8 бетке дейін, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жол аралығы – бір; азат жолы – 15 мм, азат жолы шегінісі автоматты түрде орнатылады; жиектері: үстіңгі және төмеңгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм; автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақтағы бұрышта; баяндама атауы бас әріптермен төменде ортасында орналастырылады, қала, мемлекет. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер мәтінде айтылу реті бойынша тік жақшада реттік нөмірмен мақаланың соңындағы пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек (мысалы, [1, 17-б.]). Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ
Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:
Қызметі:
Байланыс телефондары, еmail.::
Баяндаманың атауы:
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті