Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР ҰҒА академигі Б.А. Төлепбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды


2022 жылғы 6 қазанда ҚР ҰҒА академигі, қазақ-кеңес тарихшысы және партия қайраткері Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың құрметіне Д. Қонаев және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы ғалымның өзі ұзақ жылдар бойы тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды. Игі шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Президиум мүшесі, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов және директор кеңесшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.М. Борбасов қатысты.

Академик Б.А. Төлепбаев 1984-1991 жылдары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтын басқарып, кейіннен де осы Институтта ғылыми еңбегін жалғастырды. Ғалым 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 9 монографиясы жарық көрген.