Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ғасырлар тоғысындағы Солтүстік Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Республикалық ғылыми-теориялық семинары


2022 жылдың 14 қазан күні Қозыбаев университеті, Петропавл қаласындағы Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан республикалық мұрағаты мен СҚО әкімдігінің қолдауымен «Ғасырлар тоғысындағы Солтүстік Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты Республикалық ғылыми-теориялық семинар өткізді.

Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты Солтүстік Қазақстан тарихының келесі өзекті мәселелерін жариялау болып табылады: Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы, аумақтық тұтастықты қалыптастыру және нығайту мәселелерін талқылау, Алаш партиясының белсенді өкілдерінің Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы қызметі, отандық тарих бойынша дереккөздер мен жаңа зерттеулерді танымал ету.

Семинарға қатысушылар М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессор ғалымдары  Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, академик, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Негімов Серік Нығметоллаұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Күзембайұлы Аманжол – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы –  Ш.Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әбіл Еркін Аманжолұлы –  ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әбуов Нұрболат Әскерұлы – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Петропавл қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.

15 қазанда СҚО, Жамбыл ауданы, Петровка ауылында салтанатты іс-шаралар өтті. Ғалымдар мен қонақтар СҚО Жамбыл ауданындағы облыс орталығынан 150 шақырым жерде орналасқан Алаш қайраткерлерінің «Аққусақ жиналысын» өткізу орнына барды. «Аққусақ жиналысының» ескерткіш барельефі орнатылған жерде жобалық кеңсенің басшысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Сабыр Қасымов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабульдинов сөз сөйледі.

Салтанатты шара Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Туған жерім – Қызылжар» шығармашылық концертімен аяқталды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Петропавл қаласындағы филиалының директоры – Әбуов Нұрболат