Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Іс-сапар қорытындысы: Самат Жұматайұлы, РФ Новосибирск


20.10.2022-29.10.2022жж. аралығында «ХХ ғасырдың 30 жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы РФ Новосибирск қаласына (архив, кітапхана, музейлеріне) ғылыми іс-сапар жұмысын жүзеге асырды.

Ғылыми іс-сапар кезеңінде Новосібір облысының мемлекеттік архивінде жоба тақырыбы бойынша тізімдемелер онлайн түрде зерделеніп, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың көшірмелеріне тапсырыс берілді.

Новосібір облыстық мемлекеттік архиві мен Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының шетелдік зерттеушілерді кіргізбеуіне қарамастан, электронды каталогтар онлайн түрде ресми сайттардан зерттелді. Оның ішінде көбінесе 1929-1935 жылдар аралығын қамтитын хронологиялық шеңбердегі кітаптар мен журналдардың электрондық нұсқасы қарастырылды.

Іс-сапар қорытындысына келер болсақ, жұмыс кезінде орыс газеттеріндегі белгісіз жарияланымдар табылды. Институттың ғылыми қызметкері – Самат Жұматайұлы, Қазақстан тарихына қатысты құнды мұрағат құжаттары мен аз зерттелген және ғылыми айналымға енгізілмеген, құжаттарды сканерлеуден өткізді.

«Отан» Новосібір облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басқармасымен жүргізілген кездесудің нәтижесінде, екі жақты меморандумға қол қойылды. Ендігі мақсат – Новосібір өңірі қазақтарының тарихын зерттеу болып табылады.
РҒА Сібір бөлімінің Тарих институтының және Мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханасының, Новосібір Мемлекеттік педагогикалық университетінің, зағип және нашар көретіндерге арналған Новосібір облыстық арнайы кітапханасының басқармаларымен кездесулер өтіп, екі жақты Қазақстан-Ресей қатынастары туралы меморандумға қол қойылып, ғылыми зерттеулер жүргізуге мақсат қойылды.
1929-1935 жылдардағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Новосібір өңіріндегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі тақырыбы бойынша жұмыс жасалды.

Зерттеуші, PhD докторант Самат Жұматайұлы