Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды


2022 жылдың 3 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директор З.Е. Қабылдинов бастаған институт басшылығы мен Е.С. Ақшабаев бастаған Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының облыстағы тіл саясатына жетекшілік ететін өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында екі тарап арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Басқарманың негізгі мақсаты өңірдегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік қорды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Осы мақсатта тараптар ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде Жетісу облысының тарихын жазу, облыстық энциклопедия жасау, тарихи топонимика бағыттары бойынша ынтымақтастықты жолға қою және өз өкілеттіктері шеңберінде бірлескен бағдарламаларды іске асыру жоспарларын бекітті.