Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен келісім-шартқа қол қойылды


2022 жылғы 15 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Назарбаев орталығы өкілдерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды.

Ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарт аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, алуан түрлі мәдениеттер мен конфессиялар өкілдерінің арасындағы жалпы ұлттық келісімді нығайтуға қол жеткізудің бірқатар құндылықтарын мойындай отырып жоғарыдағы келісімге келді.

Осы келісім-шарттың негізінде тараптар өз құзыреті шеңберінде:

– Діндер тарихы мен теориясы, дінтану саласы бойынша жинақталған ақпарат, тәжірибе және ғылыми-зерттеу материалдарымен өзара алмасу;

– Дінтану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына сарапшылар мен зерттеушілер ретінде жұмылдыру;

– Тараптардың базасында мамандар мен зерттеушілердің тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыру;

– Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің идеяларын ілгерілету бойынша бірлескен ақпараттық және имидждік жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

Кездесу, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдиновтың Институт жарыққа шығарған кітаптарды Б.С. Сәрсенбаевқа табыс ету рәсімімен аяқталды.