Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.-Ж.К. Тоқаевты қолдау үгіт-насихат шарасы өтті


2022 ж. 18 қарашада «Ғылым ордасы» ғимаратында орналасқан ҚР Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб өкілдерімен үгіт-насихат шарасын ұйымдастырды. Шара Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасында өтті.

Басқосуға жиылған зиялы қауым өкілдері Президенттің отандық ғылымды дамытудағы жаңа реформалары мен бағыттарын сараптап, сайлау алды бағдарламасында көрініс тапқан бастамаларына сәттілік тіледі.

Ұйымдастырылған маңызды іс-шараға, сондай-ақ педагогика ғылымдарының докторы Т.О. Балықбаев, профессор М.Н. Қалимолдаев, саяси ғылымдарының докторы Ж.Қ. Симтиков, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары А.А. Набиев, Т.А. Мұхаметгалиев және т.б. қатысып, Президенттікке үміткер Қ.К. Тоқаевтың мемлекетті дамытудағы межелеп берген бағыттарын нық ұстанып, Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсарту жолындағы қадамдарына қолдау білдіретіндігін жеткізді.