Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен меморандумға қол қойылды


2022 жылғы 21 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі басшысы С.К. Байновамен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Долинка ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі 2002 жылы ашылған. Музейге аталмыш кенттегі жедел жәрдем станциясы ғимаратының бір бөлігі (бұрынғы Карлаг объектісі – азаматтық қызметкерлерге арналған емхана) бөлінген. 2010 жылдан бері бұрынғы Карлаг Ішкі істер халық комиссариатының ғимаратында орналасқан.

Меморандум негізінде тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары бойынша бірқатар міндеттерді іске асыруды жоспарлап отыр.