Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНА КЕЛДІ


2022 жылғы 24 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді.

Кездесу барысында Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Министрді институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, ҒЗИ ғалымдарының бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу жобаларының іске асырылуы туралы баяндады.

Министр Саясат Нұрбек ҚР Ғылым мен жоғары білімнің жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ шешуді талап ететін басқа да көптеген өзекті мәселелер туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Саясат Нұрбек қатысушыларға сындарлы әңгіме үшін алғысын білдірді.