Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарымен Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі академиялық басылымының жазылу барысын талқылады


2022 жылдың 28 қараша күні Ғылым ордасы ғимаратындағы Орталық ғылыми кітапханада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары және ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қариннің қатысуымен «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы»  академиялық басылымын даярлау мен «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын» әзірлеу жұмыстары аясында  ғылыми отырыс өтті.

Мемлекеттік кеңесші Е.Т. Қариннің төрағалығымен өткен жиында Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Т.И. Ешенқұлов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі М.С. Самитов, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Д.Р. Орынбеков, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, PhD доктор А. Оңғар, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Х. Абусеитова, ТЭИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Б. Тлеубаев, 7 томдық басылымды әзірлеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Уалтаева және басқа да академиялық басылымға жауапты ғалымдар қатысып, өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосуда аталмыш ғылыми еңбектердің әрбір томын, тарауын әзірлеуші ғылыми жетекшілер және үйлестірушілер басылымдарды даярлау жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Алдағы уақытта бұл көптомдық іргелі еңбектерді даярлаудағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.