2022 жылғы 2 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты Монғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағының Ақтан Бабиұлы ат. Орталық кітапханасымен меморандумға қол қойды.

Институт ғалымдарымен кездесуге Орталық кітапхана директоры Алтынгүл Дәлелқызы, ақпарат және техника жөніндегі маман Батырбол Нұртайұлы, кітапханашылардан Бәтима Мусақызы мен Өміргүл Дәуейқызы сынды кітапхана қызметкерлері қатысты.

Меморандум негізінде екі тарап бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдармен өзара алмасу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниеттерін білдірді.