Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісі» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді. 

Семинардың мақсаты – Қазақ тарихын зерттеуде проблемалық тарихнаманы және компаративтік деректануды қолдану әдісін пайдаланудың жолдарын айқындау.

Компаративті деректану – деректанудың негізгі жіктеу бірлігі, тарихи дереккөздердің бір түрі, жиынтық қоғам тарихын құрайтын адамның әлеуметтік белсенділігінің біртұтас мақсатқа бағытталған белгілі бір формаларын білдіреді деген ережені теориялық тұрғыдан түсінуге негізделген салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі. Мәдениетті біртұтас деп санайтын тарихи өткенге жүйелі көзқарас көптеген зерттеушілердің ұстанымындағы принциптердің бірі болды. Мұндай бірнеше жүйелерді зерттеу жалпы уақытша бөлу арқылы мүмкін болады, бұл синхронды компаративті әдісті қолдануды да қамтиды. Екі жағдайда да салыстыру критерийі жүйенің құрылымдары, құрылымдық элементтер және олардың функциялары болып табылады.

Шетелдік және отандық тарихнамада Орталық Азиядағы көшпелі халықтарды, олардың мәдениетін зерттеу кезінде туындаған пікірталастар басынан бастап осы нақты, «отырықшы емес» тарихты түсіндіру мәселесімен байланысты болды. Көшпелі мәдениеті тарихының ерекшелігі – ол негізгі аксиологиялық (құндылыққа немесе құндылықтар теориясына қатынасы) компоненттері, оның дүниетанымдық негізі бүгінгі күн үшін заманауи болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарихы ғылымы ғалымдары арасында көкейтесті мәселелердің бірі – Қазақстан территориясында орын алған жәдидтік қозғалыс. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде қазақ жеріне жәдидтік идеялар мен көзқарастар ене бастады. Қозғалыс тарихының деректерін салыстыру арқылы мәселені терең зерттеудің мүмкіндіктерін айқындау маңызды болып табылады.

Семинарға қатысуға шақырылады: этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А.Нүсіпбеков атындағы кабинет (205).

Семинардың ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері.                           

Семинар уақыты: 2022 жылғы 13 желтоқсан, сағат 11.00.

Өткізілу түрі: офлайн және онлайн форматта.

Зум идентификаторы: 85048448625, коды: 541883.

Ұйымдастыру комитеті