Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


2022 жылғы 19 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтымен (РЭжБӘИИ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Кездесу Институттың А. Нүсіпбеков мемориалдық кабинетінде өтті. Радиоэлектроника және байланыс институты тарапынан (РЭжБӘИИ) бастшысы, полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының басшысы, полковник Жанұзақов Арман Жанұзақұлы қатысты.

Қол қойылған меморандум аясында екі тарап ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті одан әрі дамыту, бірлескен ғылыми конференциялар, семинарлар, дәрістер және т.б. ұйымдастыру шараларын өткізу туралы шешім қабылдады.

Кездесу соңында, арнайы Әскери-инженерлік институттың курсанттары үшін, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов Әскери-инженерлік институттың курсанттары арасында қазақтардың тарихи мұрасын насихаттау мақсатында біздің Институт басып шығарған Қазақстан тарихы бойынша 20-дан астам ғылыми басылымдарды тапсырды.

Осы меморандум шеңберінде Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының студенттеріне Институт өткізетін түрлі конференцияларға қатысуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды.