Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ

ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2023 жылғы 24 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан жазушылар одағы, РМҚ “Ғылым ордасы” Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп, белгілі этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тоқтабай Ахмет Уәлханұлының 70 жылдығына арналған “Қазақстандағы этномәдени және көшпенділерді зерттеу мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан этномәдениетінің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талқылау, қазақ жылқы мәдениеті, ұлттық спорт, Орталық Азия қазақтарының киелі жерлері туралы мәселелері, сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Тоқтабайдың көшпенділерді зерттеуге қосқан үлесі талқыланады.

А. Тоқтабай 20 қаңтарда 1953 жылы дүниеге келген. 1969 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚазМУ-нің тарих факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы «Археология және этнология» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдениет министрлігіне қарасты тарихи-сәулет ескерткіштерін зерттеу, қайта қалпына келтіру жөніндегі «Қазпроектреставрация» институтында кіші ғылыми қызметкер, соңынан аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

1976 жылы Қожа Ахмет Яссауи сәулет кешенін қайтадан қалпына келтіру және реставрация жұмыстары басталады, зерттеуші орта ғасырдан бастап күні бүгінге дейінге ескерткішке байланысты жазба деректерді, иконаграфиялық материалдарды сараптай отырып Қожа Ахмет Сәулет кешенінің зерттелуінің ғасырлық тарихы туралы көлемді еңбегін жазады. Қожа Ахметтің 8-ден астам жанама (лақап) аты болғанын анықтайды, Тайқазанның құйылған жері – Түркістан облысы, Қарнақ қыстағына барып, жергілікті өзбек ақсақалдарымен сөйлесіп, қазанның құлағы неге 10 болғанына көңіл аударып, қазақтың он сан «алаш», «он тулы алаш» ұғымымен мәндес деп батыл болжам жасайды.

1980 жылы белгілі археолог А. Г. Медоевтың «Таңбалы тас» галереясын зерттеу экспедициясына қатысып, түркі заманындағы ту көтерген салтатты жауынгерлерді тілге тиек ете отырып, қазақ тулары, ту ұстау дәстүрі жайында мақала жазды. Бұл қазақтың ту ұстау дәстүрі жайында тұңғыш еңбек болды. Қазақстан тәуелсіздік алғанда бұл мәселеге автор белсене араласып, қазақ туларының тарихын сақ заманынан XIXғ. дейін баяндап берді.

1982 жылы Ташкент қаласындағы Шайхантауыр кешеніндегі Қарлығаш би кесенісінің Төле биге қатысты екенін алғашқылардың бірі болып дәлелдеп, ескерткіштің тарихын (тарихи-архитектуралық зерттеу) жасайды, осыдан бастап Төле биге қатысты жер атаулары, табиғи нысандар: Шынар ағашы, ат байлайтын Аршасы өзінің ғылыми бағасын алды.

1980 жылы аяғында Кеңес өкіметі кезінде рұхсат етілмей, аталып өтілмей қалған Наурыз мейрамының тарихы, мән-мазмұны аймақтың ерекшеліктері жөнінде зерттеулер жасап, үнемі бұқаралық ақпараттарда жариялап, халыққа кеңінен насихаттайды. Қазаққа тиесілі төл мереке – қымызмұрындықтың жылқы мәдениетімен байланыстылығын және бағдарламасын жасап, соны деректермен мәтіндейді, нәтижесінде қазір қымызмұрындық мейрамы республикамыздың түкпір – түкпірінде жылма – жыл өтілуде.

1985 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына ауысып ( 1991 жылдан бастап Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты), қазіргі таңда этнология және антропология бөлімінде қызмет істеп келеді. 1987 жылы Ленинград қаласында КСРО Ғылым Академиясының этнография институтында қазақ этнографиясы туралы Орыс империясының архивтері мен баспасөзіндегі деректерді сараптап, жүйелеу үшін стажировкада болды.

А.Тоқтабайдың ғылыми қызметі қазақ  халқының  материалдық және  рухани  мәдениетін зерттеу төңірегінде қалыптасқан. 1980 жылдары Петропавл қаласындағы Абылай ханның сарайы туралы мәліметтер жинап, республикалық дәрежедегі ескерткіштердің құрамына енгізді,  сонымен қатар,  Бурабайдағы «Ясная поляна» деп аталып келген Абылай алаңын өз атымен атау жайында ұсыныс жасап, мақала жариялады. 

1990 ж. Самарқанд қаласы Дагбит қыстауындағы Әйтеке бидің бабасы Жалаңтөс батыр Сейтқұлұлының қабірін зерттеп, ол туралы шығыс және ауызша деректерін жинады. 1999 ж. Өзбекстанның Бұхара облысы Нұрата ауданындағы  Әйтеке бидің бейітін зерттеуге кірісті. Бірталай жылғы Төле мен Әйтеке бидің қабірлерін зерттеу нәтижесінде Төле  мен Қазыбектің нақты өмір сүрген жылдарын анықтады.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жұмыс жасап жүруімен қатар, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «Археология және  этнография» кафедрасының доценті болды. Кафедрада  жұмыс істеген жылдары  «Түркі халықтарының этнографиясы», «Түркі халықтарының этномәдениеті» лекциялар курсын дайындап студенттерге дәріс беріп, оқу құралдарын жазды. А.Тоқтабайдың бастамасынан кейін Қазақстанның біршама жоғарғы оқу орындарында Түркі елдерінің тарихы, мәдениеті туралы курстар оқытыла бастады. Түркі халықтарының  тарихи тамырластығы этномәдени  бірлестігі турасында жазылған еңбек турколог мамандардан, Түркия  ғалымдарынан  жоғары бағаланды. Этнология мамандығы бойынша 2 ғылым кандидатын және магистранттар мен PhD докторлар дайындады.

2005 ж. бастап Моңғолия, Қытайда қазақ диаспорасын зерттеуге белсене араласты. Қазақтардың ру – тайпалық жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті, өнері, тарихи қайраткерлері т.б. туралы материалдар жинақталды. Шыңжаңда көптеген құрылыстар салған, қазақтың тұңғыш кәсіпқой архитекторы (1870-1954) Баязит Сатбаевтың салған ғимараттарының тұрған орны, қазіргі жағдайы анықталды.

Осы жылдары қазақ халқының біртуар ұлдары, генералдар Ғубайдулла Шыңғысхан (1840-1902), Сабыр Рахимов (1902-1945) туралы зерттеулері тың деректерімен мәселені жаңаша қою тұрғысынан ерекшеленеді.

Қазіргі таңда А. Тоқтабай Төле би, Әйтеке би туралы мәселелерді анағұрлым кеңейтіп «Орта Азия қазақтарының киелі жерлері мен тарихи орындары» атты тақырып бойынша көршілес елдерде қалған қазақтың іздерін анықтап, тарихи ескерткіштерін жан – жақты зертеуде.

Нәтижесінде, қазақ тарихы мен мәдениетіне бацланысты 130-дан астам нысандар тұңғыш рет ашылып, ғылыми айналымға түседі. Олардың ішінде Абылайханның қазақ жерін азат ету үшін соғысқан Ташкент түбіндегі Азатбасы шайқасының орны, Есімхан үйдірген Сантас қорымы, өмір бойы орыспен соғысқан Телқожа батырдың қабірі т.б. ескерткіштер бар.

300-дей ғылыми-көпшілік мақалалардың, оның ішінде 50 ғылыми мақаланың, 6 монографияның «Қазақ жылқысының тарихы» (3 тілде жарыққа шықты), «Қазақ тазысы» (3 тілде жарыққа шықты), «Түркі халықтарының этномәдениеті», «Түркі халықтарының жылқы мәдениеі», «Қазақтың киелі жерлері» т.б., 2 жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған көмекші құралдың, балаларға арналған 7 танымдық  кітапшаның авторы, біраз еңбектері АҚШ, Германия, Франция, Италия, Англия, Түркия, Ресей елдерінде  жарық көрген. Көптеген республикалық және халықаралық конференцияларға қатысқан. «Түркі әлемі» газетінің редколлегия мүшесі, Өзбекстан жоғарғы оқу министрлігінің «археология және этнологиялық»  зерттеулер инновациялық кеңесінің мүшесі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • А. Тоқтабай және қазақ этномәдениетін зерттеу мәселелері;
  • А. Тоқтабай және көшпенділерді зерттеу мәселелері;
  • Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы;
  • Қазақ жылқысының тұқымдары;
  • Қазақтың ит жүгірту дәстүрі (тазы, төбет);
  • Орталық Азия қазақтарының киелі және тарихи жерлері;
  • Түркі халықтарының ұлттық ат спорты.

Конференцияға қатысуға: тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері шақырылады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов

атындағы Тарих және этнология институты, «Ғылым Ордасы», Орталық ғылыми кітапхананың конференц – залы, 3-қабат.

Басқа қалалардан келген авторлар үшін конференцияға сырттай қатысуы қарастырылған. Қажет болған жағдайда жинақты ПДФ форматында электрондық пошта мекенжайына жіберу көзделген.

Ұйымдастыру комитеті форум материалдарының жинағын жариялауды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз).

Жариялауға мұқият шегерілген және редакцияланған мәтіндер қабылданады.

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 5 б. кем емес және 16 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі

керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызылжолшегінісі: 1,0 см.

7. Ортасындакішіәріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, араб сандарымен жоғарғы таңба.

8. Төменде: араб сандарымен жоғарғы таңба, лауазымы, жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда);

9. Төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және

жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер

тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде

рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият

тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа иет иболуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды. Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVIғғ. (шыңдаусыз), немесеXV ғ. соны – XVIғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін –

Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға

құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Абдулина А.Т.1 1 Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты   ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА: ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ    Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с. 2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17. 3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары – 2023 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей қабылданады.

Өткізу формасы: Іс-шара онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі (конференция идентификаторы:).

         Конференция жұмысының регламенті: 10.00–13.00.

 Байланысушы тұлғалар:

         (ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелерді шешу үшін)

Досымбетов Нұрлыбек Айдарбекұлы – этнология және антропология бөлімінің кғқ; е-mail: nur_dos88@mail.ru; тел.: +7 747 056 22 59.

Қосымша

Тіркеу нысаны (қазақ тілінде немесе орыс тілінде)

ер.  □                             әйел.  □

 Тегі 
 Аты 
 Әкесінің аты 
 Ғылыми дәрежесі, лауазымы 
 Ұйым (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның атауы және т. б., оның орналасқан жері) 
 E-mail 
 Телефон/факс (халықаралық байланыс коды) 
 Баяндама тақырыбы 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті