Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Үздік ғылыми қызметкер-2022» атанды

2022 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» атты жыл сайын өткізілетін байқауы бойынша еліміздің үздік ғалымдарын анықтады.

Аталмыш байқаудың «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыттары бойынша жеңімпаздарының қатарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов та бар. 

Айта кетсек, бұл байқау 2021 жылдан бері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Қазақстан бойынша ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғылыми қызметкерлерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Ал 2022 жылғы байқау қорытындысы бойынша Институтымыздың директоры З.Е. Қабылдиновтың жеңісін біз оның жоғары ғылыми біліктілігін растайтын кезекті жетістігі деп білеміз.  

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы Институт директоры «Құрмет» ордені және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Академик М. Қозыбаев» медалімен марапатталған болатын.

Құрметті Зиябек Ермұханұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Сізді жеңісіңізбен құттықтай отырып, Қазақстан ғылымының игілігі үшін жаңа белестерді бағындыра беруіңізді тілейді.

Ізгі ниетпен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының баспасөз қызметі